25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намаз оқып тұрып түшкірген адам «әлхамдулилла» десе, намазы бұзыла ма?

Намаз оқып тұрып түшкірген адам «әлхамдулилла» десе, намазы бұзыла ма?

Намаз

Намазда түшкірген кісі «әлхамдулилла» деп айтса, намазы бұзылмайды.

Тек, оны дауыстамай іштей айтқаны жөн. Әйтсе де, мүлдем тілге алмағаны абзалырақ дейді ғалымдар. Имамға ұйып тұрған сәтте түшкірген адам жария да, іштей де «әлхамдулилланы» айтпайды.

Түшкіргеннен соң іштей болса да айтпаған кісі намаз аяқталысымен айтады.[1].

 

[1] Фәтәуәл Хиндия – 1/109 бет. 

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: