26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жамағатпен оқылған намаз бен мешіттің нұры

Жамағатпен оқылған намаз бен мешіттің нұры

Намаз

Жамағатпен оқылған намаз бен мешіттің нұры:

Егер мұсылман жамағатпен оқылатын намазға үзбей қатысса, ол үшін нұр үстіне нұр қосылады, ал жамағатпен оқылған намаз мешітте оқылса, онда бұл нұр тіптен толығады, намаз оқушы табыстарға жетеді және Алла Тағалаға жақын болған тақуалармен бірге басқалардан бұрын жаннатқа кіреді.

Пайғамбар (с.а.с.): «Кім бес уақыт намазды жамағатпен бірге орындаса, адамдардың бірінші тобында Сырат көпірінен жарқ еткен найзағайдай өте шығады және қайта тірілу күні түндегі толған айдай боп түрегеледі» (Әт-Табарани).

«Қараңғыда мешітке баратындарды Қиямет күніндегі нұрмен сүйіншіле», – деген (Әбу Дауд, әт-Тирмизи).

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: