26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намазды хушуғпен оқу дегеніміз не?

Намазды хушуғпен оқу дегеніміз не?

Намаз

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбар дәуіріндегі бір оқиғаны былай баяндайды:

«Расулалла (с.а.с.) мешітке кірген еді. Осы кезде қырдан келген бір кісі намаз оқыды. Артынша келіп сәлем берді. Расулалла оған «Бар да намазыңды қайта оқы, өйткені оқыған намазың толық болмады» деді. Ол барып әуелгі оқығаны секілді намаз оқыды. Расулалла тағы да «Бар да, намазыңды қайта оқы» деді. Расулалла намазын қайта оқуды үшінші рет айтқанда, әлгі кісі: «Сені ақиқат дінмен жолдаған Аллаға ант етейін, осы оқығанымнан басқа ешқандай оқуды білмеймін. Уа, Расулалла, болмаса дұрысын өзің үйретші» – деді. Сонда Расулалла (с.а.с.) былай деді: «Намазға тұрған кезде әуелі тәкбір ал. Құраннан өзің жақсы білетініңді (сүре немесе аят) оқы. Рүкуғқа еңкейгенде дене мүшелерің толық орныққанша күт. Рүкуғтан басыңды көтергенде, денең толық түзелгенше тұр. Кейін сәждеге бас қой және дене мүшелерің орныққанша асықпа. Сәждеден басыңды көтерген кезде мүшелерің толық орныққанға дейін отыр. Кейін қайта сәждеге бас қой және денең толық орныққанша асықпай, сонсоң түрегел. Намаздың бүкіл рәкаттарын осылай жалғастыр».

Осы риуаяттан байқалғандай, Расулалла (с.а.с.) намазын асығып оқыған кісіге ескерту жасап, оған намазды қайта оқуын бұйырған. Мұқият оқымайтынын көріп, намазды тепе-теңдігін сақтап қалай оқу керектігін үйреткен. Неге десеңіз, намаз қабыл болуы үшін керекті шарттардың бірі – хушуғ.

Бір тақуа кісіден:

– Адам қайтсе намазды хушуғпен (шын пейілмен, мойынсұна ) оқи алады? – деп сұрайды. Сонда ол:

– Жейтін тамағының адалдығына мән беріп, дәретті толықтай, асықпай алып, тәкбірдің алғашқы сөзін айтқанда Жаратушыға жүрекпен бұрылып, ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) хадисінде айтқандай: «Құлшылықтарыңды Алланың көріп тұрғанын (біліп) жаса, сен Оны көрмесең де, Ол сені көріп тұр». Аллаға деген махаббатпен, Оған құлшылық жасау үшін ғана жаралғаныңды еске ал және күнәлардан алыстаған күйі» деп жауап берген екен.

материал «Құпияға толы намаз» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: