02
Сенбі,
Қараша

һижри

Тарауих намазы және сахабалар

Тарауих намазы және сахабалар

Намаз

Әбу Һұрайра (р.а.) әңгімелейді:

«Рамазан айы болатын. Бір күні Алланың елшісі мұсылмандардың мешіттің бір бұрышында намаз оқығанын көрді. Расулалла олардың не істеп жатқандарын сұрады. Сол жердегі мұсылмандар: «Бұлар Құраннан жатқа білетін сүрелері аз болғандықтан, Үбәй ибн Кағыбқа ұйып намаз оқып жатыр», – деп жауап берді. Алланың елшісі олардың бұл әрекетіне ризалығын білдірді».

Уруа (р.а.) баян етеді: «Хазірет Омар Рамазан айын мейлінше мүбәрак етіп өткізу үшін мұсылмандарды жинап: «Еркектер Үбәй ибн Кағыбтың, әйелдер Сүлеймен ибн Әбу Хасманың артында тұрып намаз оқысын», – деді».

Расулалланың және сахабалардың намазға деген мұқияттылығы Омар ибн Абдуллаһ әл-Анси әңгімелейді: «Үбәй ибн Кағыб пен Тәмими Дари Алла елшісінің орнына тұрып, ер кісілерге тарауих намазын оқытатын. Ал Сүлеймен ибн Әбу Хасма мешіттің жапсарлас бөлмесінде әйелдерге тарауих намазын оқытатын.

Хазірет Осман халифа болғаннан кейін, еркектерге де, әйелдерге де Сүлеймен ибн Әбу Хасманың оқытқанын қалады. Әйелдерге еркектер мешіттен шығып кеткенше күте тұруын әмір етті».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: