25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қысқа, әрі мағыналы сөздермен дұға жасау және зікір ету

Қысқа, әрі мағыналы сөздермен дұға жасау және зікір ету

Намаз

Жүуәйрияның (р.а.) әңгімесі бойынша:

«Пағамбарымызбен (с.ғ.с) бірге отырған болатынбыз. Бір кезде орнынан тұрып, әлдебір жаққа кетіп қалды. Күн сәскеге көтерілгенде, қайта оралды. Мен әлі сол жерде болатынмын.

– Мен кеткелі әлі отырсың ба? – деді. Мен ешқайда шықпағанымды айттым. Ол былай деді: – Сенің қасыңнан кеткеннен кейін төрт дұғаны үш мәрте қайталадым. Егер осы сөздерді сенің осы күнге дейінгі жасаған барлық зікірлеріңмен салыстырар болса, мұның салмағы ауыр басар еді. Сүбханаллаһи уә бихамдиһи, адәдә халқиһи уә рида нәфсиһи уә зинәтә аршиһи уә мидәдә калимәтиһ (Алланы барлық кемшіліктерден пәктеймін және қасиетті деп білемін. Оған жаратқан мақлұқтарының санындай, өзі разы болатындай, арштың ауырлығындай және барлық сөздердің сиясындай мадақ айтамын)».

Періштелердің өзі сауабын санап тауыса алмаған зікір

Әнәс (р.а.) әңгімелейді: «Бір күні Пайғамбарымызбен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірге топтасып отырған болатынбыз. Сол сәтте біреу Пайғамбарымыз бен сол жерде отырғандарға «Ассәламун алейкүм уә рахмәтуллаһ», – деп сәлем бере келді. Пайғамбарымыз: «Уә алейкүмүссәлам уә рахмәтуллаһ уә бәрәкәтуһу», – деп сәлеміне жауап қайырды. Әлгі кісі тізесін бүгер-бүкпестен:

– Әлхамду лиллаһ! Хамдән кәсирән таййибән мүбарәкән фиһи кәма йухиббу Раббунә ән йухмәдә уә йәнбағи ләһу (Раббымызға лайық және ол разы болатындай ең көп, ең әдемі және мүбәрак мақтаулар Аллаға тән)», – деді. Пайғамбарымыз :

– Қалай? Не дедің? – деп сұрады. Ол әлгі дұғаны қайталағанда, Алла елшісі (с.ғ.с) былай деді:

– Алланың атымен ант етейін, осыларды жазу үшін он періште жанталасты. Қалай жазатынын білмей дал болып, сол күйі ұлы Алланың құзырына алып шықты. Алла тағала оларға:

– Құлымның айтқанындай етіп жазыңдар, – деп бұйырды».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: