25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намаз соңынан жамағатпен дұға жасау мәселесі

Кейбір мұсылман бауырларымыздың арасында көбінесе жастар арасында «анауың бидғат», «мынауың бидғат» деп, намазға енді ғана жығылып жүрген адамдардың көкейіне күмән салып, түрлі ойға батырып жүргендердің де арамызда табылып жатқаны аз емес.

Әйел адамдардың мешітке бару әдебі

Әйел адамдардың мешітке баруына шариғатымызда тыйым салынбаған. Пайғамбар (с.ғ.с) хадистерінің бірінде: «Егер әйелдерің мешітке баруға рұқсат сұраса, оған тыйым салмаңдар», - делінген.

Намаз әлде йога? Адам денсаулығына қайсысы пайдалы?

Бүгінде йога дегенді білмейтін адам жоқ шығар. Үнді елінен бастау алатын бұл ілімнің қай кезде, қалай шыққаны белгісіз. Оның 5000 жылдық тарихы бар Үндістанда пайда болғаны ғана белгілі. Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде 20 миллионға жуық адам осы йогамен айналысады екен.

Жолаушының қаза намаздары қалай өтеледі?

Егер жолаушы намазды сапарда қаза етіп, кейін еліне оралса немесе сапары аяқталмаса да, қаза намазын дәл сапардағыдай қысқартып өтейді.

Далада намазды аяқ киіммен оқыған дұрыс па?

Ислам – тазалыққа негізделген дін. Тазалық – дініміздің ең басты қағидаларының бірі. Әрі көптеген ғибадаттардың қабыл болуы осы тазалыққа тікелей байланысты. Мұсылманның ең абзал құлшылығы намаз екені баршамызға аян. Алайда сол намаздың дұрыс болуы үшін, денеміз, киіміміз және намаз оқитын орнымыз нәжістен таза болуы шарт.

Таң намазын өтеген кісі Алланың кепілдігінде болады

Таң намазы – сол күннің алғашқы сынағы әрі алғашқы құлшылығы. Сондықтан сол күнді жақсы бастап алғашқы емтиханды табысты тапсырсақ, басқа емтихандар мен қауіп-қатерлерге қарсы әлдеқайда күшті әрі сақадай сай боламыз.

Неліктен жолаушы намазды қысқартып оқиды?

Қазіргі жол жүру үрдісі бағзы замандармен салыстырғанда, жетілген әрі қолайлы болғанымен, сапарға шыққан адамның үйреншікті өмір салты бәрібір өзгереді және жайсыз жағдайдың пайда болу мүмкіндігі де арта түседі.