27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Нәпіл намаз оқыған адамға Жәннаттан берілетін сый

Нәпіл намаз оқыған адамға Жәннаттан берілетін сый

Намаз

Алла Елшісі, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай деген: «Кімде-кім күніне 12 рәкағат сүннет намаз оқыса (міндетті болған парыз намаздарды қоспағанда), сол адамға Жәннаттан үй тұрғызылады» (Сахих Муслим, хадис 1691).

Әдетте осы он екі рәкағатқа күні бойы парыз намазбен бірге оқылатын сүннет намаздар жатқызылады (Таң намазына дейін екі рәкағат, Бесінге дейін тӛрт рәкағат, Бесіннен кейін екі рәкағат, Ақшамнан кейін екі рәкағат және Құптаннан кейін екі рәкағат). Бірақ, хадисте айтылған он екі рәкағатқа қалған нәпіл намаздарды да жатқызуға болады (мәселен: тәхәджуд, тахиятан, ишрақ және т.б.)

Пайғамбар, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай деген: «Алла сендерге Қажылықтың сауабымен бірдей жамағатпен оқылатын құптан намазы мен Умраның сауабымен бірдей жамағатпен оқылатын ақшам намазын сыйға тарту етпеді ме?» (Муслим).

материал «Жәннатқа бастайтын жол» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: