27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Сапарда сүннет намазын оқу мәселесі

Сапарда сүннет намазын оқу мәселесі

Намаз

Сапарда сүннет намазын оқу жайындағы мәселе бізде ауылдық деңгейдегі ихтилаф көрінісінде белгілі болды. Басқаша айтатын болсақ, бұл ихтилафтың орын алуында шет елдің араласуы болмады.

Бір жылы қажылықтан келген имамды зиярат етіп барған едік. Қажылықта да адамдардың арасында ихтилафқа себеп болған осы мәселе жайында сөз етілді. Ол кісінің айтуынша, қажылыққа барған имамдардың кейбірі «Сапарда сүннет намазы оқылмайды» деген сөз шығарыпты. Бұл сөзге басқалар қарсылық білдіріпті. Ақыры жиналыс жасап, барлығына сүннет намаздарын қажылық кезінде оқымау жайында бұйрық шығыпты. Сүннет намазын оқымақшы болғандарды етегінен тартып, отырғызып қою басталыпты. Сұхбаттас имамның айтуынша, қажыларға сүннет намазын оқуға тыйым салынғаннан кейін, имамдардан бірі парыз намазда өзгелерге имам болып, сосын сүннет намазын оқыған екен. Қауым ол кісіге қарсылық танытып: «Неге сүннет оқисың?» деп жанжал шығарыпты.

Мен жоғарыдағы сөздерді айтып болып, ыңғайсызданып қалған имамнан:

«Осы, сапарда сүннет намазын оқуға болмайды, деп айтқан имамдар сөздеріне дҽлел келтірді ме, қандай дәлелдері бар екен?» - деп сұрадым.

«Дәлелдері жоқ. Пәленше қари аға оқымағанын көргенмін, дегенге ұқсас сөздер ғана», - деді имам.

Содан кейін радиоға бір хабар әзірлеп, бұл мҽселенің үкімін баяндап бердім.

Біраз уақыттан кейін дҽл осы мәселе тағы қайта көтерілді. Оны тағы сол алдыңғы көтергендер қозғады. Сонда мынадай сұрақ-жауапты дайындадық.

Белгілі дерлік барша діни рәсімдер, ғибадаттар және шарттарды орындауда діни әдебиеттерге сүйенеміз. Олар: Ең бірінші орында қасиетті кітап Құран, кейін хадис, одан соң сенімді ғалымдардың кітаптары. Әрі мынаны естен шығармау керек, әрбір діни үкім бойынша мәзһабтар шығарған қорытындыларда аз ғана өзгешелік бар.

Қош, біздің Ханафи мәзһабында сапарда сүннет намазын оқу керектігіне дәлел бар ма?

Дәлел-дәйекті Алла Тағаланың көмегімен бізге білдіргеніндей айтатын болсақ, Имам Әс-Сарахсидың «Әл-Мәбсут» кітабы Ханафи мәзһабындағы кітаптардың ең әйгілілерінің бірі. Кітаптарды бағалайтын ғұламаларымыз арасында «Әл-Мәбсут» Имам Әбу Ханифаның бас шәкірттерінен бірі Имам Мұхаммед ибн Хасанның «Заһирур-риуая» кітабының шархы деп саналады. Яғни, бұл кітаптағы сөздер тікелей Имам Әбу Ханифаға барып тіреледі.

Міне, осы кітапта сапарда сүннет намаздарын оқу жайында мыналар жазылған: «Сапардың себебінен сүннет пен нәпіл намаздары қысқартылмайды. Сапарда парыз намазы қысқартылып оқылады. Бірақ сүннет пен нәпіл намаздары қысқартылмайды. Олар негізінде қанша ракағат болса, сонша оқылады. Өйткені «сапарда намазды қысқартып оқу пікірмен емес, Алланың әмірімен бекітілген әрі парыз намазына тиісті».

«Адамдардың сапарда сүннетті оқымау жайында сөз айтқандары да бар» әрі олар, яғни сапарда сүннетті оқымау жайында айтқан адамдар кейбір сахабалардан риуаят етіп айтады, осы сахаба: «Егер мен сүннетті оқитын болсам, парызды толық оқитынмын» деген екен. Бұл сөздің, яғни «сүннетті оқитын болсам, парызды толық оқитын едім» деген сөздің тәъуилі сол, Ханафилер бойынша сапарда қауіпті уақытта, дұшпан қауіп-қатер төндіріп тұрғанда сүннетті оқымаса болады. Бір жерде тұрудың мүмкіндігі жоқ адам сүннетті оқымаса болады. Алайда басқа уақыттарда оқу керек.

Тағы басқа кітаптарды парақтаймыз. Ханафи мәзһабының ең үлкен әрі танымал кітаптарының бірі – Имам Әл-Кәсанидің «Бәдәиъус-сәнәиъи фи тәртибиш-шәриъи» деген кітабын қолға аламыз. Ол кісі біз талқылап жатқан мәселе жайында былай жазған: «Сондай-ақ, «сүннет пен нәпіл намаздарын қысқартып оқу жоқ». Өйткені: «Намазды қысқарту Алла Тағаланың әмірімен болған». Бұл жерде, яғни сүннет пен нәпілдерді қысқарту үшін ондай бұйрық жоқ.

«Адамдардың сапарда сүннетті оқымау жайында сөз айтқандары да бар». Кейбір сахабалардан риуаят етілуінше, ол: «Егер сапарда сүннетті оқитын болсам, парызды толық оқитынмын», - деген. «Бұл, біздіңше, қауіпті жағдай болып есептеледі, сүннетті орындау үшін тұру мүмкіндігі болмаған жағдай болып есептеледі», - дейді.

Демек, Имам Әс-Сарахсидің «әл-Мәбсут» кітабында айтқан сөздері, Имам Әл-Кәсанидің «Бәдәиъус-сәнәиъи фи тәртибиш-шәраиъи» кітабындағы айтқан сөздері бір-біріне өте жақын саналады.

Мәселені тағы жалғастыратын болсақ, мәзһабымыздағы әйгілі кітаптардан бірі «Бәхрур-раиқ шарху кәнзид-дәқаиқ» атты кітапты қолымызға аламыз. Онда мыналар жазылған: «Сапарда сүннетті оқымау жайында ихтилаф жасады», кейбіреулер: «Рұқсат үшін орындамаған абзал» деген болса, кейбірі: «Тақуа үшін сүннеттерді оқыған абзал», - деген. Әл-Һиндәуи болса: «Тұрып орнығып алғанда, сүннетті оқыған абзал. Жүріп бара жатқанда, оқымаса болады», - деген.

Тағы бір сөзде: «Таң намазының сүннеті міндетті түрде оқылады», - делінген. «Шам намазының сүннеті де оқылады», - деп айтылған.

«Тәжнис» пен «Әл-Мухтар» кітаптарында: «Егер амандық пен тыныштық болса, сапарда сүннет намаздарын оқиды. Себебі сүннет намаздары парыз намаздарын толтырушы, толықтырушы етіп шариғатқа бекітілген. Ал, жолаушы бұған өте мұқтаж. Егер жолаушы қауіпті жағдайда болса, сапарында сүннет намазын оқымаса да болады. Өйткені, ол мұны үзір ретінде тҽрк етті», - деп айтылған.

Міне, танымал кітаптарымызда осындай мағлұматтар берілген.

Әһлі суннет уәл жәмағада Ханафи, яғни Имам Аъзам мәзһабтарынан басқа тағы үш мәзһаб бар. Бұлар: Мәлики, Ханбали және Шафиғи мәзһабтары. Сапарда сүннет намазын оқу немесе оқымау жайында бұл мәзһабтарда нелер айтылған әрі қандай нұсқаулар берілген?

Енді «Сапарда сүннет намазын оқыса, күнә болады, сүннетті оқымаудың өзі сүннет» дейтіндер, мүмкін басқа мәзһабтардың кітаптарынан пайдаланып айтып жатқан шығар, деп болжап, басқа мәзһабтардың кітаптарын да парақтап көреміз.

Мұнда «Әл-мәжмуъ шархул-мухаззаб» атты бір кітапта, «Тухфәтул мухтәжи фи шархил минһәж» атты бір кітапта, «Уа муғнил мухтәж» атты кітапта, яғни Ханафи мәзһабында ғана емес, қалған үш сунни, фиқһи мәзһабтардың кітаптарында да бірдей пікір келген. Соны сіздерге ұсынамыз.

Олар былай дейді: «Ратибә сүннет намаздар, яғни парыздарға қосып оқылатын сүннет намаздарын оқу сапарда сүннет». Оқымау емес, оқып орындау сүннет, деп жатыр бұл кітаптардың авторлары.

«Намаздың парызын қысқартып оқиды ма әлде толық оқиды ма, бәрібір», «Бірақ парыздарға қосып оқылатын ратибә сүннеттерін сапарда болмай, үйде тұрғанда оқу тағы да дұрысырақ болады», - деп жатыр.

Шәһәдат бабында былай дейді: «Кім парызға қосып оқылатын ратибә сүннет намаздарын оқымаса, шәһәдаты қайтарылады, қабыл болмайды, сенімсіз адамға айналады».

Демек, өзіміздің Ханафи мәзһабымыздың кітаптарында да, басқа мәзһабтардың кітаптарында да сапарда сүннет намаздарын оқу жайында пәтуалар бар.

Енді «Сапарда сүннет намазын оқыса, күнә болады» деп айтатындардың бұл сөздерін қайдан алды екен, деген сұрақты қайталап айтамыз. Мүмкін, жаңа шыққан кітаптардан немесе басқа қандай да бір жағдайлардан алған болса керек, деп жаңа шыққан кітаптардың ең әйгілілерінен бірі Кувейт Уақф министрлігі тарапынан шығарылып, баршаның алғысын алған «Әл-Фиқһ» энциклопедиясын қолымызға аламыз әрі оны аударып береміз.

материал «Ихтилафтар. Себептер. Шешімдер.» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: