27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

«Ой жүгіртпей оқыған намазда жақсылық жоқ»

«Ой жүгіртпей оқыған намазда жақсылық жоқ»

Намаз

Әзірет Али (р.а): «Ой жүгіртпей оқыған намазда жақсылық жоқ» деген.

Бірде Хасан Басри (р.а) бір адамның намаз оқып тұрғанда ұсақ тастармен ойнағанын көреді, бұдан кейін қолдарын көтеріп: «Я, Алла! Мені жаннатың хор қыздарына үйлендір» деп дұға еткенін естиді. Сонда Хасан Басри әлгі кісіге: «Жақсы айттырушы емессің! Өзің жаннаттың хор қыздарын сұрап тұрсың, бірақ тастармен ойнап оларды мәһір ретінде ұсынып тұрғаның қалай?» – деген екен.

Халаф ибн Әйюбтан: «Шыбындар сені мазаламай ма? Неге оларды қолыңмен жасқамайсың?» – деп сұрағанда, ол: «Намазымды бұзатын нәрселерге жол бергім келмейді», – деп жауап қайтарады. «Сонда оларға қалай шыдайсың?» – дегенде, «Патшаның алдында жазалы болып, дүре соқтырған адамдар сабауына шыдап, дыбыс шығармайды. Тіпті бұл жазасын мақтаныш тұтады екен. Олай болса, мен Раббымның құзырында тұрғанда, болмашы ғана шыбынның ызыңын елемегенді дұрыс деп білемін?» – деп жауап берген екен.

материал «Құпияға толы намаз» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: