26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әйелдердің еркектерге ұқсап намаз оқуы

Әйелдердің еркектерге ұқсап намаз оқуы

Намаз

Сұрақ: Мен жақында намаз оқуды бастадым. Осыған байланысты ғибадат жайлы бір сұрағым бар. Жуырда мен Имам Әл-Бухаридің «Сахих» кітабындағы хадистерді оқып, бір нәрсеге көзім түсті. Ол жерде Расулулла (саллаллаһу алейһи уа сәлләм) қалай намаз оқығаны, намазға қатысты көптеген кітаптарда «әйел намазхан» немесе «ер намазхан» деп емес, бәлкім «намазхан» деп айтылғаны ойландырды. Тағы Пайғамбарымыздың: «Мен сияқты намаз оқыңдар» дегеніне де көзім түсті. Сол себепті сізден сұрауды абзал деп білдім. Қазіргі әйелдер мен еркектердің намазында бірнеше айырмашылық бар. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уа сәлләм) бұл сөздері тек еркектер үшін бе еді әлде замандар өтуімен әйелдердікін ажырата бастады ма?

Таяуда кейбір әйелдер Ханафи муслима әйелдерге жолығып, әйелдер де еркектерге ұқсап намаз оқуы керек екендігі жайында үгіттепті. Бұл сөз еркектердің арасында да тарайды. Кейбір еркектер аталмыш сөзді есітіп мешіттің имамдарына және білімді адамдарға айта бастаған соң, оларға қажетті түсініктемелер беру жолға қойылды. Әсіресе мешіттердің имамдары бұл мәселені уағыздарында да айтып отырды. Әйтеуір мәзһабсыздардың кезектегі шабуылының бір түрі басылды.

Күндердің бірінде үйімізге тағы осы мәселеде әйелдердің атынан сұрақ келді. Сұрақ Әл-Әлбәнидің «Пайғамбарымыз намаздарының сипаты» деген кітаптың орысша аудармасымен бірге келген болатын. Басқаша айтқанда, сұрақтың иесі аталмыш кітапты қолына алып, оны оқыған әйелдердің атынан сұрақ сұрағалы келген еді. Сұрақтың мағынасы болса, дәл сіздің сұрағыңызға қатты ұқсайды. Онда да Имам Әл-Бухаридің «Сахихтері», Пайғамбарымыдың (с.ғ.с) намаздары, ол кісінің: «Мен сияқты намаз оқыңдар» дегені, «әйел намазхан» немесе «еркек намазхан» деп айтылмағаны және басқалар бар.

Мен «Пайғамбарымыз намаздарының сипаты» деген кітаптың авторы қазіргі мәзһабсыздардың идеологтарының бірі екені, үнемі осындай ихтилафтар шығарумен танымал екенін айттым. Сондай-ақ, Кеңес үкіметі құлағаннан соң олардың мәзһабсыздары кітаптарын орыс тіліне көптеп аударғаны әрі сол кітаптар барлық жаққа таралғаны әрі ТМД елдеріндегі мұсылмандардың арасында ихтилафтар шығарып жатқандығы жайында тоқталып өттім. Қазір аталмыш елдердегі муфтилер, имамдар, ғұламалар және қарапайым мұсылмандар әрі бұған қатысы бар адамдардың сұранысы бойынша өзіміздің кітаптарымызды орыс тіліне аударуды бастағанымызды, осы мәселеге байланысты Алла қаласа жақын күндерде бұл секілді сұрақтарға жауаптар да болатынын айттым. Сосын аталмыш кітапта қозғалған мәселенің шешімін де айтып бердім. Кітап көтеріп сұрақпен келген ортадағы адам алғысын айтып қайтты.

Сол арада Мекке Мукәррам қаласынан «Рабитатул Аләмил Ислами» халықаралық ұйымынан келген шақыруға жауап ретінде «Пәтуа және оның тәртібі» атты ғылыми басқосуға қатысу үшін қасиетті мекенге бару бақытына ие болдым. Жерлестер ұйымдастырған жиында үлкен ғұламаларымыздың бірімен сөйлесіп отырған едім. Ол кісі қажыға барған отандастарымыздың бірін көрсетіп: «Анау жерлес мәзһаб ұстанбайды екен. Маған Әлбәнидің «Пайғамбарымыз намаздарының сипаты» деген кітабын оқығанын айтып, әртүрлі сөздерді айтты. Мен оған: «Бұлай жөнсіз сөйлеме. Пайғамбарымыздың хадистері көп. Кейбірін алып: «Міне осы, бұдан басқасы болуы мүмкін емес» деген секілді іс істеу үлкен қателік болады. Сириялық бір ғалым «Ханафи мәзһабы бойынша Пайғамбарымыз намаздарының сипаты» атты кітап құрастырған. Ол да хадистерді дәлел етіп келтірген», – деп айттым деді.

Айтпақшы, «Пәтуа және оның тәртібі» атты ғылыми басқосуда «шәз» пәтуалар тақырыбы да бар еді. Осы тақырыпта сөз алған ғұламалар «шәз» дегені мұсылман үмбетінің барлық ғұламаларының сөздеріне керісінше сөз екенін айтты. «Шәз» пәтуалар тақырыбында сөйлеген ғұламалардың арасында заманымыздың танымал ғұламасы Шейх Юсуф Абдулла Әл-Қардауи де бар еді. Ол кісі заманымыздағы «шәз» пәтуаға Әл-Әлбәнидің пәтуалары мысал екенін қадап айтты. Әрі оның сауда тауарларынан зекет берілмейтіні, алтынмен жалатылған ыдыстарды қолдану харам екені жайындағы пәтуаларын үлгі ретінде қатаң сынға алды. Айтпақшы болғаным, сіз көтерген сұрақты шығарған «ғұлама», негізінде мұсылман үмбетінің барша ғұламаларының пікіріне кері сөздермен танылған адам.

Кейіннен дәл осы мәселеге ұқсас мәзһабсыздардың ермегі болған әрі мұсылмандардың арасында ихтилаф шығару үшін оқта-текте көтеріліп тұратын мәселелерден тағы бір-екеуі көтерілді. Тағы бір-екі параққа жазылған мөтіндерді көтерген мәзһабсыздардың итаршылары жан-жаққа тартты. Бұдан хабардар болған адамдардың арасында абыржу тағы басталды. Тағы ғұламалар, имамдар және білім талап етушілермен талқылаулар болды. Тағы халқымызға бұл мәселенің дұрысын баяндап беруге келісілді.

Мен бұған ұқсас мәзһабсыздар көтеретін күмәндарға бір-бірлеп жауап берудің орнына, негізінде олардың діни мәтіндерден үкім шығару әдістері дұрыс емес екені жайында бір кітап керектігін айттым. Бұл істі сәті түскенде жүзеге асыруға шешім қабылдадым. Бір күн өтіп ұлым Исмаилжан:

«Хазірет! Кешегі мәселе әншейін емеске ұқсайды», - деді.

«Не үшін?» - дедім.

«Кеше Америкадан телефон соғып, ол жерде де дәл осы мәселеде олардың бастарын қатыру басталғанын айтты. Ол жерде де парақтағы сөздер. Бізде не болса, ол жерде де дәл сондай. Сондай-ақ, бұл біріншісі емес. Алдында да солай болған», - деді.

Ойыма басқа көрші елдерден, Ресейден жҽне басқа жерлерден түрлі себептермен жолданған сұрақтар мен уайым арқалаған хабарлар келді.

Бұл еңбекті жазу ниеті тағы да күшейді. Алла Тағала сәтін салса, ол іс те жүзеге асып қалар. Міне, енді сізден осы сұрақ келіп тұр. «Теңізден тамшы» дегендей, сіздің сұрағыңыз арқылы сізге де, басқаларға да, Алла Тағаладан көмек сұраған күйде, білгенімше жауап беруді жөн көрдім.

– Алдымен, жақында намаз оқуды үйренген адам сіз берген сұрақты бере алмайтынын айтып өтпекшімін. Өйткені, ондай адам намазды жақсылап оқу уайымымен қолы тимейді. Он төрт ғасырдан бері мұсылмандар сұрамай келген сұрақты өз-өзінен қиялына келтіре алмайды.

– Имам Әл-Бухаридың «Сахих» атты кітабының аудармасын оқыған болсаңыз керек. Сол кітаптың өзін оқыса да, аудармасын оқыса да, шариғат жайында тек аталмыш кітап негізінде қорытынды шығаруға ешкімнің құқы жоқ. Хадис кітаптар өте көп. Олардың барлығын оқып шыққандар да аталмыш істі істей алмайды. Имам Ахмад ибн Ханбәлдың дҽуірінде ол кісіден: «Қанша хадисті жатқа білген адам пәтуа айтуына болады» деп сұрағанда, ол кісі: «Төрт жүз мың хадисті», - деп жауап берген.

– Шариғат үкімдері «Сахихул-Бухари» кітабынан емес, бәлкім төмендегі дерек көздерден алынады:

Бізде бұл дерек көздердің атын толық білетіндер аз болса керек. Алайда сізге ұқсап мужтәһидтікті талап ететіндер әр қадамда кездеседі.

– Сізді «әйел намазхан» немесе «еркек намазхан» деп емес, бәлкім «намазхан» деп айтылғаны ойландырыпты. Не үшін? Әрбір нәрсені «еркекке» немесе «әйелге» деп атау керек пе? Барлық халықтарда, жерлерде, діндерде, заңдарда, әдет-ғұрыптарда сіз айтқан ажырату жоқ. Барлық нәрсе адамдарға бірдей айтылады. Егер әйелдерге қатысты болса, арнайы айтылады. Егер сіз айтқан сөзге өтілетін болса, «қажы әйел, қажы еркек, ораза тұтушы әйел, ораза тұтушы еркек, зекет беруші әйел, зекет беруші еркек» деп айту қажет болады. Ал, бұл табиғаты бұзылмаған адам көтере алмайтын жағдай.

– Тағы Расулулла (саллаллаһу алейһи уа сәлләм) «Мен сияқты намаз оқыңдар» деген сөзіне де кезіңіз түсіпті. Мұнымен «әйелдер де ол кісіге ұқсап намаз оқуы керек. Мәзһаб ұстанатындар айтқандай «сәл қымсынып» оқымауы керек», демекшісіз. Егер сіз айтпаған болсаңыз, онда Әл-Әлбәни «Пайғамбарымыз намаздарының сипаты» атты кітабында айтқан. Ондай болса, қажылық, ораза, зекет және тағы басқа ғибадаттарда да осылай болуы керек. Қажылықта әйелдер де еркектерге ұқсап жалаңбас, киімдерін шешіп тастап, ихрам орап жүруі керек және тағы басқалар.

– Әлбәни сол кітабында Имам Бухари әйелдердің еркектерге ұқсап намаз оқуы жайында Умму Дәрдәдан риуаят еткенін айтқан. Алайда ол адам осы жерде өте шеберлік танытқан. Аталмыш сөзді шархтамаған. Адамдар «бұл сөз атақты сахаба Умму Дәрдәдан екен» деп ойлауы үшін осылай істеген. Басқаша айтқанда, өзінің сөзін қуаттау үшін Умму Дәрдә (радияллаһу анһа) жҽне Имам Бухаридың аттарын шеберлікпен пайдаланған.

Алайда мәзһабты ұстанған ғұламалар бұл жерде барлық шындықты айтады. Аталмыш риуаят кіші Умму Дәрдәдан болып, оның есімі – Хәжимә бинти Хуяй Әл-Аусабия жҽне ол сахаба емес. Сахаба болмаған адамның сөзі мен амалы дәлел бола алмайтыны шариғат білімдерінен аз ғана хабары бар адамға да белгілі ақиқат. Мухаддистер Имам Бухаридің бұл тҽрізді риуаяттарын «таълиқ» дейді, хадис емес. «Таълиқ» те дәлел бола алмайды.

Таълиқ – «міне осы мәселе жайында осындай сөз де бар» деген мағынаны білдіретін риуаят. Яғни, ескеруге болады, алайда дҽлелге жарамайды. Егер де Имам Бухаридің «Сахихтерінде» көптеген таълиқтер бар болса да, олар тек белгілі бапты, белгілі бір мәселені түсіндіру немесе қуаттау үшін ғана келтірілген. Бұлар кітаптың негізі саналмайды, сахих хадистердің қатарына қосылмайды. Сондықтан дҽлел ретінде де қаралмайды.

– Қазіргі күнде әйелдер мен еркектер намазында бірнеше айырмашылықтар бар екендігі, сіз күмәнданғаныңыздай, замандар етуімен пайда болған жағдай емес. Бұл бұрыннан болған нәрсе. Барлық мәзһабтардың кітаптарында бар шындықтардан бірі. Ешбір мәзһабта мұның керісіншесін, яғни, әйелдер де еркектерге ұқсап намаз оқуы керек демеген. Сондай-ақ бұл сөз ешбір хадисте, тіпті әлсіз хадистердің ешбірінде айтылмаған.

– Шариғаттың төртінші дерек көзі болған қиясқа байланысты, әйелдер қымсынып, фиқһ кітаптарында айтылғандай намаз оқуы тиіс. Өйткені, муслималардың еркектерге ұқсамай, үнемі әйелдік ерекшелігіне сай тұруы дініміздің барша нұсқауларында жиі-жиі қайталанған. Аз ғана түсінігі бар адамдарға осының өзі жеткілікті. Басқа сөз қосу артық.

Язид ибн Әбу Хабибтен риуаят етіледі:

– Алайда осымен бірге бірнеше хадистерде бұл мәселе айтылған.

 «Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уа сәлләм) намаз оқып жатқан әйелдің алдынан өтті де: «Егер сәжде етсеңдер, еттің кейбірін жерге тигізіңдер. Расында, мұнда әйел еркекке ұқсамайды», - деді».

Нәфиъиден, ол Ибн Омардан (р.а) риуаят етіледі: «Ол кісіден Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уа сәлләм) дәуірінде әйелдер қалай намаз оқығаны жайында сұралды. «Аяқтарын жиыстырып отыратын еді. Кейін жинақыланып-қымсынып отыруға бұйырылды», - деді».

Али (радияллаһу анһу) риуаят етіледі: «Егер әйел кісі сәжде етсе, қымсынып отырсын, екі санын жиыстырсын», - деді».

Ибн Омардан (раздияллаһу анһу) риуаят етіледі: «Егер әйел кісі намазда отырса, бір санын екінші санының үстіне қояды. Егер сәжде етсе, қарнын санына мүмкіндігінше қымтанып тигізеді. Өйткені, Алла Тағала оған қарап тұрып: «Ей, періштелерім! Сендер куә болыңдар, оны кешірдім», дейді», деді».

Ибн Ади «Кәмилде» және Бәйқаһи «Сунәнда» риуаят еткен.

Расында, өзін білген әрбір адамға осы риуаяттардың бір-бірін қуаттап келуі Әлбәнидің уәжінен де дұрыс. Қиясты есепке алмағанымызда да үмбеттің мың төрт жүз жылдан бері амал етіп келе жатқанын тағы қайталап айтамыз.

Осы жерде баршаңызды таластардан аулақ болуға шақырамыз. Білмеген нәрселерді сұрап үйренуге өту керек. Шет елден келген факс немесе емайлды көтеріп алып, «Қазіргі күнге дейін істеліп жатқан пәлен нәрсе дұрыс емес екен» деп жүгірудің қажеті жоқ.

материал «Ихтилафтар. Шешімдер» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: