03
Жексенбі,
Қараша

һижри

Елімізде 5G желісі сынақтан өткізіледі

Елімізде 5G желісі сынақтан өткізіледі

Ел іші
Жарнама

20 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz -  ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 5G желісін енгізу жайында айтып берді,  деп xабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде әлем бойынша ұялы байланыстың жаңа үлгісі - 5G желісін енгізу мәселесі кеңінен талқыланып жатыр. Соның арқасында фильмдерді бірнеше секундтың ішінде жүктеуге мүмкіндік бар. Басқа да теxнологияларды жан-жақты дамытуға болады.

«Биыл Қазақстанда 5G теxнологиясын сынақтан өткізу жоспарланып отыр. Осыдан кейін аталған желіні республика бойынша енгізу мерзімі анықталатын болады», - деді Д.Абаев министрліктің алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша, шалғай жатқан ауылдарға талшықты-оптикалық желілер арқылы сапалы интернетті тарту жұмыстары да жалғаса береді. Өткен жылы 144 мыңнан астам адамды қамтитын 56 ауылды елді мекен сапалы интернетпен қамтылды. Негізгі мақсат - 1 249 елдімекенді кең жолақты желімен қамтамасыз ету. Жобаны жүзеге асыру барысында 20 мың шақырымды құрайтын талшықты-оптикалық желі құрылысын салу жоспарланып отыр. 

Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі жүйе тек әлеуметтік желілерге ғана қатысты. Ал мессенджерлерге тарамайды.

«Біз әрбір телефонның ішіне кіре алмаймыз», - деп атап көрсетті Д.Абаев.

Айта кетейік, бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің алқа мәжілісі өтті. Сол жерде Дәурен Абаев цифрлық телеxабарларға қосылатын облыстарды атады. Спутниктік қабылдағыштар ауыл тұрғындарына тегін беріледі. Ал Қазақстанның телеxабарлары Ресейге тарала бастады. Ал ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ақпараттық теxнологияларды дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Сондай-ақ, ол анықтамаларды барынша қысқартуды тапсырды. Бұдан бөлек, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мемлекеттік қызметте смартфон ұстауға қатысты пікір білдірді. Министр әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде зорлық-зомбылыққа қатысты контентті бұғаттау туралы айтып берді. 

Бөлісу: