25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әлем халқының 60 пайызы дін ұстанады

Ел іші
Жарнама

Халықаралық зерттеулер әлемнің әр 5-ші адамы дінді ұстанбайтындығын көрсетіп отыр. Бұл туралы Астана төрінде өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті деп хабарлайды E-islam.kz.

«Бесінші съездің басты мәселесі қазіргі әлемнің үйлесімді дамуындағы саяси және дін көшбасшыларының маңызды рөлімен байланысты. «Гэллап» халықаралық зерттеу орталығының «Үміт пен қамығудың жаһандық барометрі» атты зеттеуіне сенсек, әлемдегі халықтың алпыс пайызы өзін дінді ұстанған адаммын деп санайды екен. Әрбір бесінші адам өзінің дінді ұстанбайтынын айтқан», - деді Мемлекет басшысы. 

ummet.kz-ақпарат 

 
Бөлісу: