26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти: «Әлемдегі дінаралық немесе саяси қақтығыстардың барлығы ертеңгі күні бір алаң іздейтіні анық»

Ел іші
Жарнама

Әлемдегі түрлі дінаралық немесе саяси қақтығыстардың барлығы ертеңгі күні бір алаң іздейтін болады. Бүкіл саясаткерлердің, болмаса, діндарлардың басын қосатын алаң керек болады. Сол алаң Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі болады. Бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының 14-ші отырысы аясында еліміздің Бас мүфтиі Ержан Маямеров журналистерге осындай пікірін білдірді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Жалпы, Діни басқарманың негізгі жұмысы – руханиятпен айналысу. Жастарға өзіміздің дәстүрлі дінімізді үйрету. Біз қандай да бір лаңкестікпен күресеміз десек, ең біріншіден, жастарға дұрыс дәстүрлі дінімізді үйрету керек. Егер жастарымыз дәстүрлі дінімізді ұстанған болса, соны толыққанды білген болса, ол басқа бір лаңкестік, басқа бір зиянды жаққа бармайтыны анық. Оның бірден-бір шешімі сол, ол – қандай да бір оқу орындары, болмаса, қандай да бір ортада өзіміздің дәстүрлі дінімізді көбірек насихаттау, жастардың санасына көбірек жеткізу. Қазір өздеріңіз білесіздер, дін мен дәстүрді көтеріп жатырмыз. Расында да дініміз бен дәстүріміз біте қайнасып кеткен дүние. Егер жастарымыз дәстүрімізді дінімізбен қоса үйренетін болса, онда ешқандай радикалды топтарға қосылып кетпейді. Өйткені, өздеріңіз білесіздер, дәстүрлі дін ол ынтымаққа, бейбітшілікке шақыратындықтан, екіншіден, қазақтың баласының санасына өзіміздің салт-дәстүріміз сіңген болса, ол ешқандай да радикалды топқа бармайды»,-деген Ержан қажы Малғажыұлы ертең Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі туралы ойын айтты.

«Бүгін әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі алдындағы отырысты көрдіңіздер. Дін иелері көптеген мәселелерді көтеріп жатыр. Бұл съездің маңызы жылдан-жылға артып келе жатыр. Неге десеңіздер, әлемдегі түрлі дінаралық немесе саяси қақтығыстардың барлығы ертеңгі күні бір алаңды іздейтін болады. Бүкіл саясаткерлердің, болмаса, діндарлардың басын қосатын алаң керек болады. Сол алаң Құдай қаласа осы бүгінгі дін лидерлерінің съезі деп айта аламын»,-деді Е.Маямеров.

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ,

«www.bnews.kz»

Бөлісу: