25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти съезд хатшылығының XIV отырысына қатысты

Ел іші
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Астанада өткен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XIV отырысына қатысты.

«Дінді саяси құрал немесе жеке мүдделер үшін пайдалану дұрыс емес. Дінді адамдар арасында араздық тудыру мақсатында пайдалануды қолдамаймыз. Дәстүрлі діннің мақсаты – адамдарды кешірімділікке, қайырымдылыққа, мейірімділікке үндеу», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы журналистерге берген сұхбатында.

Ертең Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің V отырысы басталады. Халықаралық басқосуға Діни басқармадан делегаттар қатысады. 

ҚМДБ Баспасөз қызметі

Бөлісу: