26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Нұр-Мүбарак» университеті өкілдері ОҚО басшылығымен кездесті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры профессор, доктор Ж.А.Басюни бастаған ғалымдар делегациясы Оңтүстік Қазақстан облысына арнайы ат басын тіреді. Бұл туралы «Нұр-Мүбәрак» университетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ғалымдар делегациясы алдымен облыс әкімі Асқар Мырзахметов мырзаның қабылдауында болды. Облыс әкімі Асқар Исабекұлы «Нұр-Мүбарак» университеті еліміздегі дін негіздерін оқытып, теолог мамандарды даярлайтын үлкен шаңырақ екенін айтып, білім ордасы басшылығының Оңтүстік аймақпен әріптестік байланыс орнатуға деген ниетін жоғары бағалап, алғыс білдірді. 

Облыс әкімі сондай-ақ ОҚО  еліміздегі халқы ең көп шоғырланған және тұрғындардың басым көпшілігі Ислам дінін ұстанған өңір екендігін жеткізді. Жастардың дені Ислам дініне бет бұрып, иманды қоғам қалыптасып келе жатқанын жеткізіп, діни сауаттылықты арттырудың маңыздылығына, осы бағытта Ислам мәдениеті мен өркениетін жете білетін мамандар даярлау өзекті міндет екендігіне тоқталды.

Өз кезегінде университет ректоры, доктор, профессор  Жуда Абдулғани Басюни  қолға алған оң бастаманың жалғасы ретінде араб тілін оқып, үйрену орталығын ашу жөніндегі ұсынысын білдірді. Ғалымның ұсыныс-пікірін зер сала тыңдаған облыс әкімі бұл мәселе алдағы уақытта қаралып, тиісті шешім қабылданатыны хабарлады.

Сапар барысында Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасы мен Нұр-Мүбарак университеті арасында өзара әріптестік жөнінде меморандумға қол қойылды. Ортақ келісімге сәйкес екі тарап өзара тәжірибе алмасып, дін саласындағы өзекті мәселелерде ынтымақтастық байланыстарды нығайтуға уағдаласты. Атап айтқанда, университеттің оқытушы-профессорлық құрамы мен оның түлектері өңірдегі  жұмыс жүргізетін ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің біліктілігін арттыру, теолог мамандармен тәжірибе алмасу сынды өзекті міндеттерді облыстағы салалық мемлекеттік органмен бірлесе жүргізбек.

 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: