26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Имамдар құнды қолжазбалармен танысты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Ислам институтының ұстаздары мен білімін жетілдіруші имамдары Алматыдағы Ұлттық кітапханада болып,  сирек кездесетін  кітаптармен, құнды қолжазбалар танысты.

Аталған қорда қазақ, орыс, европа тілдеріндегі жазба жәдігерліктер бар. Қор 30 мыңнан астам құжаттан тұрады. Оның ішінде 1000-нан астам қолжазбалар  қазақ, орыс, шығыс тілдерінде қазақ кітаптарының топтамасы. Қорда  сақталған  қолжазбалардың  ішінде  куфа  жазуымен  жазылған «Құран» (ХІІ ғасыр.), Фирдоусидің шағатай тіліндегі «Шахнамесі» (1721-1723жж.), ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасының Халықаралық тізіміне енгізілген Қ.А.Яссауи мен С.Бақырғанидың жазба мұралары аса құнды саналады.

Көрме көрінісінен соң дөңгелек үстел отырысы өтіп, онда институт директоры Кенжеәлі Қоңыратбайұлы аталмыш  еңбектерді ата-бабаларымыздың Ислам дінін берік ұстанғандығының айқын көрінісі деп бағалап, көрмені ұйымдастырушыларға институт атынан ризашылығын білдірді.


ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: