01
Жұма,
Қараша

һижри

Қажыларға 500 орындық ұшақ қызмет көрсетуде

Ел іші
Жарнама

Қазіргі уақытта қазақстандық қажыларды елге тасымалдау жолға қойылып, сыйымдылығы 500 адамды қамтитын үлкен әуекемесі бүгін (06.10.2015) Жидда-Алматы бағыты бойынша ұшты, деп хабарлайды Қазақстан Қажылық миссиясы.

Қажылар ұшағының жаңа кестесі құрылып, осы бағыт бойынша әуерейстері орындалуда.

Қажылар әуежайда күтіп қалмау үшін ҚМДБ Қажылық миссиясы қызметкерлері оларға алдын ала хабарлап, барлық рейстерге қажылардың уақытылы келуі реттелді. Айта кететін жағдай, қазақстандық қажылардың басым көпшілігі ұшуға тиіс Жидда-Алматы бағыты бойынша жоспарланған рейстер толық орындалды. Қажылардың қалған бөлігі Мәдина қаласындағы халықаралық  әуежайдан елге оралады.  Қажылық миссиясының ұшақ рейстерін уақытылы реттеу жұмыстары Мәдина қаласындағы әуежайда жалғасады. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: