26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти қарттар үйінде болды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Алматыда ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қарттар күніне орай қалалық Ардагерлер үйіне барып, қариялардың жай-күйімен танысып, жүздесіп қайтты. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Алдымен қарттарға мереке күніне орай үлкен кілем сыйға тартылды. Бас мүфтидің қадамына ризашылығын білдірген Махамбай Кәрімғали ақсақал мемлекеттің қамқорлығындағы мекеме туралы әңгімелеп, батасын берді.

«Осы үйдегі қариялар Елбасының арқасында мемлекетіміздің ерекше қамқорлығында. Үйіміз жылы, төрт уақыт тамақтандырады. Азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. Барлығы бар. Бізге керегі тек көңіл бөлу. Өзіңіз үнемі біз сияқты жалғыз басты шал-кемпірлердің жағдайын сұрап, қол ұшыңызды созып, жыл сайын қарттарды қажылыққа жіберіп отырсыз. Бұл үлкен сыйлық. Сізге алғысымды айтамын» деді Махамбай ақсақал.

Қарттарға құрмет көрсету жас ұрпақтың алдындағы парыз. Әсіресе, жалғызбасты әже мен аталардың қал-ахуалын біліп, денсаулығын сұрап тұрудың сауабы мол.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қарттар үйлеріне қайырымдылық шараларын жиі өткізіп келеді. Осы уақытқа дейін төрт қариямызға кіші қажылық пен үлкен қажылыққа тегін жолдама бердік. Биыл осы қарттар үйіндегі Айымторы Тайғаринова, Мадиян Коханова апаларымыз қажылық парызын орындап қайтты. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Қарттардың жанында береке бар» деген өсиет қалдырды. Біздің мақсатымыз – жастарымызды ата-ананы құрметтеуге шақыру. Өйткені, ата-ананың разылығы – Алланың разылығы» деді Ержан қажы Малғажыұлы.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: