26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қажылық миссиясы: Меккедегі қайғылы уақиғада ел қажылары болған жоқ

Ел іші
Жарнама

Мекке қаласы маңында Мина жазығында орындалған діни рәсім кезінде болған қайғылы уақиғадан қазақстандық қажылар зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Қажылық миссиясы төрағасы Ғылымбек Мәжиев мәлімдеді. Төраға уақиға болған жерде жерлестеріміздің болмағанын жеткізіп, бірқатар қауіпсіздік шаралары қолға алынғанын айтты.

«Қазір Қазақстан қажыларына қызмет етіп жатқан компания жетекшілерінен шұғыл мәлімет алынды. Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер арасында жерлестеріміз жоқ екенін мәлімдейміз. Сол сәтте біздің қажылар Жамарат көпіріне өзге жолмен жүрген. Осыған орай, отандастарымызды алаңдамауға шақырамыз. Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының шұғыл тапсырмасына орай, қажылар арасында түсіндіру, қауіпсіздік шараларын сақтау жұмыстары күшейтілді» деп мәлімдеді Қазақстан Қажылық миссиясының төрағасы Ғылымбек Мәжиев.

Кеше кешке Миссия мүшелері Мина жазығында бірқатар фирма басшыларымен, Қазақстан қажыларымен кездесу өтті. Компания жетекшілеріне қазақстандық қажылар үшін қауіпсіздік шараларын күшейту туралы тапсырма берілді. «Бұған қажылық фирмаларының 100 қызметкері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 70 өкілі жұмылдырылды» деп атап өтті Ғ.Мәжиев.

Қажылардың күнделікті денсаулығы Миссиямен бірге барған қазақстандық дәрігерлердің жіті назарында. 2015 жылдың 11 қыркүйегінен бастап қажылыққа аттанған жерлестіріміздің арасында 24 қыркүйекке дейін қатты науқастанған адам тіркелмеді.

Кеше 78 жастағы М.Мансұрова есімді қария жүрек ауруынан жергілікті емханалардың бірінде ем жүргізу барысында көз жұмды. 1937 жылы туылған әже егде жастағы денсаулығы мен жағдайына қарамастан жалғыз келген.

Қазақстан Қажылық миссиясы бұдан былай егде жастағы қарияларды жақын туыстарынсыз қажылыққа жібермеу туралы талап қояды.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: