26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

ҚМДБ төрағасы: Құрбан айт мерекесі жоғарғы деңгейде аталып өтеді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажұлы биылғы Құрбан айт мерекесінің жоғары деңгейде аталып өтілетінін хабарлады. Мүбәрак мерекеде атқарылар ізгі істер жайында бас мүфти баспасөз конференциясында мәлім етті, деп жазады ҚМДБ баспасөз қызметі.

Журналистер тарапынан қойылған сұрақтар негізінен биылғы Құрбан айт мерекесінің ерекшелігі мен дайындық жұмыстары және атқарылатын іш шараларға байланысты болды.

«Биыл еліміздегі барлық мешіттер Құрбан айт мейрамын жоғары деңгейде, дәстүрімізге сай ұлттық нақышта атап өтеді. Облыс, аудан, ауыл, қала имамдарына мешіттердің ауласында киіз үйлер тігіп, ұлттық ойын түрлерінен арнайы жарыстар өткізу, құрбандық еттерін мұқтаж жандарға үлестіру, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру туралы нақты тапсырмалар берілді» деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Қазіргі уақытта ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі құрбандыққа шалынатын малды шариғат талаптарына сай қалай сойып, қалай бөлшектеу керектігі туралы еліміз бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, Діни басқарманың Астана және Алматы қаласы әкімдіктерімен келісімінің нәтижесінде Алматыда құрбан шалуға арналған 20 орын бөлінсе, ал Астанада 8 орын бөлінді. Құрбан шалу орындарында, құрбандыққа шалынатын мал бағасы 20 мың мен 30 мыңның аралығында болмақ.

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: