26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қажыларға кеңес берілді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Мекке қаласында Қазақстан Қажылық миссиясы өз жұмысын жалғастырып, мамандар отандастарымызбен жүздесіп, ақыл-кеңестерін берді. Бұл жайында Қажылық миссиясының ақпарат бөлімі хабарлады.

Кездесуде Қажылық миссиясының төрағасы Ғылымбек Мәжиев отандастарымызға бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының дұғай сәлемін жеткізіп, қажылардың хал-ахуалымен танысты. Миссия мүшелері барлық уақытта қызмет көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Төраға миссия жанынан қажыларға медициналық көмек көрсету орталығы ашылғанын хабарлады. Ал діни сауалдарға, қажылық рәсімдеріне қатысты жалпы сұрақтарға мүфтияттан келген білікті мамандар жауап беретінін тілге тиек етті. Атқарылған жұмыстар туралы «Асыл арна» телеарнасына сұхбат берді. Ғ.Жәдігерұлының кіріспе сөзінен кейін ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің бас маманы Бауыржан Әлиұлы уағыз айтты.

«Алла Тағала біздің түр-әлпетімізге, дәулетімізге, әдемі киімдерімізге, жақсы көліктерімізге, биік мәнсабымызға, қызметімізге назар аудармайды. Жаратушы Иеміз біздің ниетімізді, ізгі амалдағы ықыласты жүрегімізді, шынайы құлшылықтарымызды бағалап, сауабын еселеп береді. Алла Тағала еліміздегі 16 млн. адам ішінен сіздер мен бізді таңдап алып, қажылық парызымызды өтеуді нәсіп етті. Қажылар – Алланың қонақтары. Сол үшін шексіз шүкірлер айтуымыз керек. Қажылықтың әрбір сәтін, әрбір минутын пайдалы амалдармен, мүмкіндігінше Қағбаны тауап етіп, дұға-тілектермен өткізгеніміз абзал. Алла қаласа, қасиетті орында пенденің дұғасы қабыл болады. Раббымыз баршамыздың қажылығымызды қабыл етіп, анасынан жаңа туған сәбидей пәк етіп, елімізге аман-есен жетуімізді нәсіп еткей», – деді Бауыржан Әлиұлы.

Айта кетейік, биыл елімізден 4 мыңнан астам адам қажылық парызын орындайды. Қазір Қазақстан қажылары Мекке қаласында кіші қажылығын өтеп, үлкен қажылыққа дайындалуда.


ummet.kz-ақпарат

 

 

Бөлісу: