27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Қажылық кемесі Мәдина қаласына 5 сағат 30 минутта жетті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Биылғы қажылық маусымы тұңғыш рет Алматыдан Мәдина мен Жидди қалаларына тікелей әуе бағыттары ашылды. Бүгінде еліміздің қажылары осы бағыттағы әуе сапарымен қасиетті Мәдина қаласына аман-есен келіп жетті. Бұл жайында ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Екіжақты келісімге сәйкес, Қазақстан қажыларын толық тасымалдау құқығына ие болған Сауд Арабия Корольдігінің FlyNas халықаралық әуекомпаниясына тиесілі Airbus 330, 300 (сыйымдылығы 375 адам), Boeing 757 (сыйымдылығы 210 адам) әуекемелері Мәдина қаласына 5 сағат 30 минутта жетті.

«Бұған дейін Мәдина, Жидда қалаларына тікелей рейстердің болмауына байланысты жерлестеріміз Түркияның, Біріккен Араб Әмірліктері әуежайларының қонақ үйлерінде немесе күту залында 16 сағатқа дейін күтіп қалатын. Қазір қажыларымыз 5 сағат 30 минутта Мәдина қаласына жетті. Бұл – үлкен жеңілдік», – дейді ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Қанат Бекжанов.

«Құдайға шүкір, шаршамай-шалдықпай әп-сәтте Мәдинаға жетіп алдық. Бұл – мемлекетіміз үшін үлкен оқиға, тарихи бастама деп есептеймін. Осындай үлкен игі істің басы-қасында жүрген азаматтарға, Діни басқарма басшыларына алғысымды айтамын», – деп лебізін білдірді Алматы облысынан келген Мәмбетқұл Санақұлұлы ақсақал.

Айта кетейік, биыл елімізден баратын 4 000 азамат бес парыздың бірі болған қажылық міндетін атқармақ.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: