27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Малайзия ғалымдарымен ортақ мәміле жасалды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетіне Малайзиялық ғалымдар делегациясы келді. Малайзия ғылыми ислам университеті проректоры профессор, доктор Дато Мұса Ахмет бастаған ғалымдар тобын «Нұр-Мүбарак» университетінің басшылығы қарсы алып, бірқатар маңызды ортақ келісімдер жасасты. Бұл жайында «Нұр-Мүбәрак» университетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Малайзия ғылыми ислам университеті «Нұр-Мүбарак» университетімен қатар ашылған, бүгінде экономика, құқық, шет тілдері, басқару ісі, Құран мен сүннет, Фиқһ, адвокатура, байланыс, медицина, стомотология, ғылым және ақпараттық технологиялар, қаржы саласын қамтыған 25 түрлі бағдарламамен оқытатын 8 факултьтет жұмыс істейді. Он мыңнан аса студенті бар оқу орны өздері жайлы жан-жақты ақпарат беріп, таныстырып өтті. Малайзиядағы «халал» өндірісінің мамандарын даярлауда алға шыққан жоғары оқу орнының қазақстандықтармен де бірлесе жұмыс істеуге ықыластары ауған.

«Малайзия елімен білім және ғылым саласында байланысымыз артып келеді. Біздің университет еліміздегі жалғыз ислами жоғары оқу орны әрі бакалавриат, магитратура, докторантура ғана емес, ғылыми жобалармен жұмыс жасайтын орталық бар. Негізгі оқытушы-профессорлық топ тек отандық қана емес, Мысыр елінен де келеді. Университетте еліміздегі ислам діні мәселелеріне құзіретті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында жұмыс жасайтын мамандар оқытылады» деді университет проректоры Шамшәдин Керім.

Ресми кездесу соңында екі жақты келісім хатына қол қойылды. Алдағы уақытта екі оқу орнына ортақ заңдық күші бар келісім құжаты даярланады.


ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: