26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

ҚМДБ: «Мектепке жол» акциясы бойынша 5253 отбасына көмек көрсетілді

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының игі бастамасымен жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында еліміз бойынша мешіттерде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып келеді.

Биыл ауыл, аудан, қала, облыс мешіттерінің ұйытқы болуымен тұрмысы төмен, ата-ана қамқорлығынан айырылған, жетімдер мен көпбалалы 5253 жанұяға оқуға қажетті құралдар мен әр оқушыға 15-20 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

Атап айтқанда, республикалық қайырымдылық шарасына Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 1572 бала қатысты. Сондай-ақ, Алматы (қатысқан бала саны – 672), Астана (669 бала) Қарағанды (386 бала), Қызылорда (338 бала), Тараз (321 бала), Алматы облысы (282 бала), Семей (200 бала) қалаларында өткен акция ойын-сауық орталықтарында жалғасты. Саябақта қыдыру, көңіл көтеру, ойнау ақысы тегін болды. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы Қазқстан мұсылмандары діни басқармасының облыс, өңірлердегі 19 өкілдігінде ұйымдастырылды.

Бас мүфти Ержан қажы Малғадыұлы қатысқан игі іс-шара жыл сайын жүзеге асатын дәстүрлі ізгі жобаға айналды. Осынау сауапты бастамаға үлес қосып, демеушілік жасаған дін жанашырларына, мешіт жамағаттарына, жекелеген азаматтарға алғыс айтамыз. Алла Тағала ізгі амалдарыңызға сауаптан жазып, мейіріміне бөлегей!

 

ҚМДБ Баспасөз қызметі

Бөлісу: