3 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Нұр Астана» мешітінде Діни сауат ашу курсына қатысушылар арасында осы уақытқа дейін алған білімдерін сынап, Құранды жатқа оқудан жарыс өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.
Халыққа тегін қызмет көрсететін мешіт жанындағы Діни сауат ашу курстары жылда жүздеген шәкірттің өз дінін жақыннан танып, бойына сіңіруге себеп болуда. Сонымен қоса, әр түрлі жастағы қыз-келіншектер мен аналарымыз қасиетті Құран кітабын өз бетімен жатқа оқудан машықтанып жүр.
Осы уақытқа дейін алған білімдерін сынап, Құран оқу сайысына қатысқан шәкірттер 3 аталым бойынша өзара үздіктерді анықтады. Ал, шәкірттердің рухани білімін бағалап, қазылық жасауға ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі, «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Ақбөпе Қанатқызы, «Әл-Ғани» мешітінің ұстазы Қарлығаш Қажымәлік, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұстазы Айгүл Көксеген келді. Сайыс соңында жеңімпаздарға арнайы диплом мен сыйлықтар берілді. Айта кетейік, сыйлықтарға сауапты істе өз көмегін аямайтын Ақмарал апай демеушілік жасады. Сонымен бірге білімімен көпті басып озған жүлдегерлерді "Жібек" қыз-келіншектер клубы қаржылай сыйлықтармен қуантты.
Сондай-ақ, «Нұр Астана» мешітінің ұстазы Динара Нұрғалиева жыл басынан бері Діни сауат ашу курсының толық бағдарламасын тәмамдаған 10 топтың қатысушыларына сертификат табыстады.
«30 пара» аталымы бойынша:
1-орын Сарсенова Ляйля 50 000 тг.
2-орын Умарова Гулназ 30 000 тг.
«Дуxа-Нас сүрелері» аталымы бойынша
1-орын Райсова Ділназ 30 000 тг.
2-орын Садықова Динара 20 000 тг.
3-орын Алибаева Зейнел 15 000 тг.
Ынталандыру - Кауханова Сая 5000 тг.
«Фил-Нас сүрелері» аталымы бойынша
1-орын Туxеева Мөлдір 20 000 тг.
2-орын Кенжебаева Азиза 15 000 тг.
3-орын Аятбекова Гүлжазира 10 000 тг.
Ынталандыру - Анапьяева Гулий 5000 тг.