01
Жұма,
Қараша

һижри

«Салауатты өмір салтын ұстанатын жастар» атты эстафеталық сайыс өтті

«Салауатты өмір салтын ұстанатын жастар» атты эстафеталық сайыс өтті

Мешіт тынысы
Жарнама

3 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдігі Елорда мешіттерінің әйел жамағаты арасында «Салауатты өмір салтын ұстанатын жастар» атты эстафеталық сайыс өткізді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Бас қала мешіттерінің жамағаты арасында ауызбірлік пен ынтымақты арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға 5 мешіттің белсенділері қатысты.

Қызықты спорттық ойындарға қатысып, бақ сынасқан аруларымыздың әділ бағасын беруге ҚМДБ-ның  Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі, «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Ақбөпе Қанатқызы, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ұлттық спорт түрлері басқармасының басшысы Қарлығаш Әсетқызы, Қол күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, халықаралық дәрежедегі төреші, Азия  және тынық мұхиты жағалаулары елдерінің жеңімпазы, Азия кубогының иегері Қарлығаш Баянбайқызы арнайы келіп, қазылық жасады.

Қызу тартыспен өткен сайыс нәтижесінде «Әл-Ғани» мешітінің атынан шыққан «Бірлік» тобы жеңімпаз атанып, 1-орынды иеленді. Ал, «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Ақ сұңқар» командасы мен «Нұр Астана» мешітінің «Жібек» командасы жүлделі 2 және 3-орындарды қанжығаларына байлады.

Сондай-ақ, ойын барысында көрермен көзайымына айналған «Ырыскелді қажы» мешітінің атынан шыққан «Қызғалдақ» тобы мен айрықша белсенділік танытқан «Садуақас қажы Ғылмани» мешітінің «Фирая» командасына ынталандыру дипломы мен сыйлықтары табысталды.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: