01
Жұма,
Қараша

һижри

«Әз-Наурыз – салтымыздың айнасы» атты мерекелік шара өтті (ФОТО+ВИДЕО)

«Әз-Наурыз – салтымыздың айнасы» атты мерекелік шара өтті (ФОТО+ВИДЕО)

Мешіт тынысы
Жарнама

2 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Нұр Астана» мешіті «Жібек» қыз-келіншектер клубы «әз-Наурыз – салтымыздың айнасы» атты мерекелік шара өткізді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Жылдағы дәстүр бойынша әйел жамағаты ұлтымыздың ұлық мерекесі Наурызды салтанатты түрде атап өтті. «Думан» қонақ үйінде өткен шараның басында «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы ашылу сөзін сөйледі.

Мерекелік кеш барысында 5 ауылға бөлінген қатысушылар ұлттық салт-дәстүрімізден арнайы дайындаған көріністер ұсынып, әуелеген әсем ән мен күмбірлеген тәтті күйден шашу шашты. Көрермендер «Абай» ауылында қыз ұзатып, «Береке» ауылында келін түсірді, «Жамбыл» ауылында келін күтімі жайында мағлұмат алып, «Ақ ниет» ауылында жаңа туған сәбиді қырқынан шығару дәстүрін тамашалады. Ал «Ақ шатыр» ауылы күнімізде ұмытылып бара жатқан баланың бауырынан табақ алу, тоқым қағу дәстүрлерін жиналған қауыммен бірге жаңғыртты.

Сондай-ақ, «Ақ кербез», «Балауса» би ансамблінің мың бұралған бишілері мен ақ жаулықты «Әжелер» тобы салтанатты кештің сәнін келтіріп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Наурыз мерекесінің өз деңгейінде өткеніне дән риза болған қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы, «Қазақстан» ұлттық арнасының продюсері Танакөз Толқынқызы және танымал психолог Лимана Қойшиева жылы лебіздерін білдіріп, ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілі, «Жібек» қыз-келіншектер клубының жетекшісі Динара Нұрғалиеваға және мерекелік шараға атсалысқан барша ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.

Кеш соңында жиналған қауым ұлттық тағамдарға толы дастархан басына отырды.

1

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

Бөлісу: