29 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz - Ұшақ апатынан қаза болған әскерилердің рухына Құран бағышталды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.
«Нұр Астана» мешітінде жұма намазынан кейін ұшақ апатынан қайтыс болған сарбаздардың рухына арнайы Құран бағышталып, дұға жасалды.
Отанын қорғау - әрбір мұсылманның қастерлі де даңқты борышы ғана емес, асыл құлшылығы. Дінімізде Отанды күзеткен, қорғаған көздің тозаққа жанбайтыны, Отан қорғау жолында қайтыс болушы шейіт саналып, жәннаттық болатыны айтылады.
Күні кеше ғана қатерлі қызмет жолында шейіт болған марқұмдардың рухына жасалған дұғаға жиналғн жамағат қол жайып, Алладан рахым тіледі.