28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

«Нұр Астана» мешітіне бірінші наиб имам тағайындалды

«Нұр Астана» мешітіне бірінші наиб имам тағайындалды

Мешіт тынысы
Жарнама

8 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz - Ақжігітов Бекзат «Нұр Астана» мешітінің бірінші наиб имамы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бұйрығымен Ақжігітов Бекзат Астана қаласындағы «Нұр Астана» мешітінің бірінші наиб имамы қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы жиналған жұртшылықты «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы хабардар етті.

ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігі, Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қанат Қыдырмин қасиетті жұма күні жиналған жамағатты бас мүфтидің тағайындау туралы бұйрығымен таныстырып, Ақжігітов Бекзаттың жаңа қызметке ресми түрде кірісуімен құттықтай отырып, алдағы жұмыс жолына толағай табыстар тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Б. Ақжігітов бұған дейін «Астана» медресе-колледжінің директоры қызметін атқарған  болатын.  

Бекзат Ақжігітов 1975 жылы 1-наурызда бұрынғы Семей облысы, Үржар ауданында дүниеге келген.

Білім жолы:

1992-1996 ж. Өзбекстан медресесінде білім алған;

1996-1998 ж. Сарыағаш ауданындағы Таяқты Ешан мешіт-медресесін «Ислами шариғат және араб тілі» мамандығы бойынша тәмамадаған;

2002-2003 ж. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтын «Араб тілі, Дінтану» мамандығы бойынша бітірген;

2014-2015 ж. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бакалавр білім дәрежесі бойынша тәмамдаған;

2016-2017 ж. «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Дінтану» мамандығы бойынша бакалавр білім алған;

2017-2018 ж. Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистрлік білім алған.

Жұмыс тәжірибесі:

1998-2000 жылдары аралығында ШҚО, Үржар ауданындағы аудандық мешітінің ұстазы;

2000-2005 жылдары Бестерек ауылылың бас имамы;

2005-2014 жылдары Үржар ауданының Бас имамы;

2014-2016 жылдары Астана қаласындағы «Нұр-Астана» орталық мешітінің наиб имамы;

2016 жылдан 2019 жылдың қаңтар айына дейін Астана қаласындағы «Астана» медресе-колледжінің директор қызметін атқарған.

2019 ж.ақпан айынан бастап «Нұр-Астана» мешітінде бірінші наиб имам.

Отбасылы 4 қыз, 2 ұлды тәрбиелеуде.

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: