21 қыркүйек. АСТАНА. Ummet.kz – «Нұр Астана» орталық мешітінде мұхаррам айының 10-жұлдызы яғни Ашура күніне арнайы ауызашар берілді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.
ҚМДБ Әйел-қыздар секторы «Нұр Астана» орталық мешітіне қарасты «Жібек» қыз-келіншектер клубы әрбір атаулы діни мерекелер мен күндерде түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, астаналық әйел жамағатының дұрыс діни ақпаратпен сусындауына қашан да атсалысып келеді. Айталық, түрлі тағылымды басқосулар, семинар-тренингтер мен ауызашарлар аясында жат ағымның алдын алу, уағыз-насихат жұмыстары жүргізілуде.
Ашура күніне орай бас қосқан жамағатқа клуб жетекшісі әрі «Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы Динара Нұрғалиева тұщымды уағыз-насихат айтты. Сонымен бірге, клуб мүшелерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.