29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Қасапшыларға арналған семинар өтті

Қасапшыларға арналған семинар өтті

Мешіт тынысы
Жарнама

18 тамыз. АСТАНА. Ummet.kz – Құрбан айт мерекесіне орай, қасапшыларға арналған семинар өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Құрбан айт – қазақ жұртшылығында ерекше аталып өтетін айтулы мереке. Мейрам қарсаңындағы қасапшылардың міндеті өз алдына. Осыған орай, «Нұр Астана» орталық мешіті ҚМДБ-ның «Халал Даму» ЖШС-мен, құрбандық шалынатын базарлардың әкімшілігімен бірлесе отырып, айт мерекесінде құрбандық шалатын орындарда қызмет қылатын қасапшыларға арнайы семинар-тренинг ұйымдастырды.

«Қасапшылық сауапты һәм жауапты іс» атауымен өткен шараға «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Руслан Байзақов, «Әлжан Ана» мешітінің наиб имамы Жақия Мерей қатысып, қасапшыларға діни әрі тазалық турасында кеңестер айтты.

Мешіт наиб имамы Р. Байзақов: «21-тамыз Құрбан айт мерекесінде құрбан шалғысы келетін қала тұрғындарына кәсіби тұрғыда қызмет ету – сіздер сауапты да, жауапты міндеттеріңіз. Қала әкімдігі осыған орай қаламыздан мал союға арнайы он нысан белгіледі. Айтулы күндері құрбандық малдарын шариғи шарттарын сақтай отырып союға аса үлкен мән берілуі керек» дей келе, мал союдың өзіндік мәдениеті, талап-шарттары мен ережелері болатынын айтып, қасапшыларды өз міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарау керектігін айтып өтті.

Семинар-тренингте «Әлжан Ана» мешітінің наиб имамы Жақия Мерей мал союға бағытталған шариғат талаптарына тоқталып, мал бауыздаудың өзіндік әдептерін егжей-тегжейлі түсіндірдіріп, жіті көңіл бөлуге тиісті тұстарды атап өтті.

Семинарға қатысқан 60-қа жуық қасапшыға арнайы сертификаттар табысталды.

1

2

3

4

5

6

7

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

Бөлісу: