5 маусым. АСТАНА. Ummet.kz – Ауызашарда ұлттық дәстүр жаңғыртылды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен өкілдікке қарасты Елорда мешіттері ұлттық дәсүрлер мен имани құндылықтарды қабыстырды.
«Нұр Астана» орталық мешіті бас болып, ұлттық дәстүріміздің арда құндылықтарын насихаттады. «Шабыт» өнер университетінің өнерпаз студенттері Зият Бақытжан мен Оңғарбай Айдос сынды өнерпаз жастар ауызашарға жиналған жұртшылыққа жарапазан айтып, ата дәстүрімізді жаңғыртты.
«Ырыскелді қажы», «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіттерінде де ауызашар дастархандарында жарапазан айтылып, Елорда жұртшылығына қуаныш сыйлады.
«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі
«Нұр Астана» орталық мешіті:
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіт: