01
Жұма,
Қараша

һижри

Бүгін тарауық намазы басталады

Бүгін тарауық намазы басталады

Мешіт тынысы
Жарнама

16 мамыр. Астана. Ummet.kz – Бүгін ел мешіттерінде тарауық намазы басталады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Бүгін түнде жаңа айдың тууына байланысты айтізбесі бойынша қасиетті Рамазан айы кіреді. Осыған орай, ел мешіттерінде 20 рәкәғаттан тұратын тарауық намазы оқылады. Осы үрдіс ай бойы жалғасады.

«Тарауық (кей өңірлерде тәребі)» сөзі араб тіліндегі «тәруиха – ترويحة» сөзінің көпше түрі «التراويح» сөзінен шыққан. Қазақ тілінде «демалу», «тынығу» деген мағыналады береді. Бұлай аталатын себебі, тарауық намазында әр төрт рәкәғатынан кейін жамағат бір сәт аяқ жазып, тасбих айтылып тынығады.

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Елордадағы өкілдікке қарасты мешіттерде тарауық намазында танымал қарилардың оқуында ай бойы Құран Кәрім бастан-аяқ оқылатын болады.

Еске сала кетейік, мұсылман қасиетті Рамазан айы ертең, 17 мамырда басталады. 14 маусымда аяқталады. Осылайша, 2018 жылғы Рамазан айы 29 күнге созылады.

Бөлісу: