31
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құранды жатқа және мәнерлеп оқудан VII республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті

Құранды жатқа және мәнерлеп оқудан VII республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті

Мешіт тынысы
Жарнама

22 Сәуір. Астана. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілдігінде Құранды жатқа және мәнерлеп оқудан VII республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

«Нұр Астана» орталық мешітінде өткізілген айтулы шара Құран жаттап жүрген бүлдіршіндер – Нұриддин Әділханұлы мен Әмир Қанатұлының  қасиетті Құран сүрелерін оқуымен басталды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілі Асқар қажы Әбітайұлы құттықтау сөз сөйлеп, Құран құндылықтарының екі дүниелік мәнін еске салып, дәстүрлі іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Құран жаттаудың артықшылықтарын тілге тиек еткен өкіл имам қатысушыларға сәттілік тіледі.

Танымал қари, «Қауам Ад-дин Әл-Итқани Әл-Фараби Әт-Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығының директоры, әділқазылар алқасының Төрағасы Сәдуақас қари Сағындықұлы қатысушыларды сайыстың ережелерімен таныстырды.

Іс-шараға «Астана» медресесі, «Қауам Ад-дин Әл-Итқани Әл-Фараби Әт-Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығы, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті, «Ықылас» медресесі, Сабындыдағы қарилар дайындау орталығының шәкірттері мен Астана қаласындағы өкілдікке қарасты мешіттердің сауат ашу курстарының шәкірттері, мешіт жамағатынан құралған 50-ге жуық үміткер қатысты.

Қатысушылар «10 пара», «20 пара», «30 пара» және «Мәнерлеп оқу» аталымдары бойынша білім бәсекесіне түсті.

Айтулы білім сайысына, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар қажы Мұқанов, «Қауам Ад-дин Әл-Итқани Әл-Фараби Әт-Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығының директоры Сәдуақас қари Олжабай, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар қари Садырханов, «Астана» медресе-колледжінің ұстазы Саид қари Мұхаммед қатарлы республикамызға танымал білікті дін мамандары үміткерлердің жаттау қабілетіне, дұрыс оқу ережелеріне баға беріп, сайыстың әділ өтуіне қазылық жасады.

Әділқазылар алқасы қатысушылар деңгейін тәжуид, махраж, қырағат және жаттау талаптары бойынша балдық жүйемен есептей келе, «жүзден жүйрік шыққан» жүлдегерлерді анықтады. Жүлдегерлерге 575,000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық таратылды және арнайы «Дипломмен» марапатталды. «30 пара» аталымы бойынша 1-орынды жеңіп алған жас қариға умра қажылыққа сертификат берілді. 

Әрбір аталым бойынша 1-орын иегерлері Алматы қаласында өтетін Құранды жатқа және мәнерлеп оқудан VII республикалық Құран байқауына жолдама алды.

«30 пара» аталымы бойынша:

1-орын – Фазлиддин Хакимов

2-орын – Қодиржан Уаймжанов

3-орын – Бексұлтан Бисенов

«20 пара» аталымы бойынша:

1-орын – Мирзоумар Амиршоев

2-орын – Нұрмұхаммед Абдумуталибұлы

3-орын – Азамжан Исмайли

«10 пара» аталымы бойынша:

1-орын – Ерқанат Сейітқасым

2-орын – Салман Хадиршаев

3-орын –  Табын Мұхаммед Сали

«Мәнерлеп оқу» аталымы бойынша:

1-орын – Ерлан Битенов

2-орын – Фарух Рапих

3-орын –  Еркін Жанабергенов

5

2

3

4

6

7

8

1

9

10.1jpg

10

11

12

13

14,1

14

15

 16,1

16.1

16

17

18

19

20

21

22

23.1jpg

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

Бөлісу: