01
Жұма,
Қараша

һижри

«Берекелі мереке 4» рухани кеш керуені халыққа жол тартты (ФОТО)

«Берекелі мереке 4» рухани кеш керуені халыққа жол тартты (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

21 сәуір. АСТАНА. Ummet.kz - ҚМДБ-ның бастамасымен  Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінің  ұйымдастыруында «Өнер қырандары» әзіл-сықақ театры жылдағы үрдіс бойынша қасиетті Рамазан айының құрметіне «Берекелі мереке 4» атты рухани кешін өткізді деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Күнделікті күйбеңнің арасында көзге түсе бермейтін қарапайым бірақ өте маңызды адами құндылықтарды сарказммен, кекесінмен жеткізе білетін театр ұжымының өнерін тамашалуға келген халық «Астана» концерт залын лықа толтырды.  Концерттің ашылуында сөз сөйлеген ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз жиналған қауымды алда келе жатқан Рамазан айымен құттықтады.

«Құрметті қауым! Биылғы келе жатқан ұлық Рамазан айы құтты, мүбәрак болсын! Адамзат баласына соңғы Елшісі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) арқылы мұғжиза берген және қандай да бір күнәлары болса Алладан шынайы ықыласпен дұға еткен пенделерінің тілегін қабыл, мұратын асыл еткен Рамазан айы баршамызға мүбәрак болғай!» - деді Бас мүфти.

Сонымен қоса  Бас мүфти алдымен Астанада басталған бұл іс-шараның сериялы түрде өтетінін яғни  рухани кешті алдағы уақытта еліміздің басқа да облыс орталықтарының тұрғындары тамашалай алатынын атап өтті.

Әдеттегідей халықты күлдіре отырып жылата білетін театр ұжымы бұл жолы да өз көрерменін шынайы өмірден алынған көріністермен, биік деңгейдегі ойындарымен баурай білді. Өнерсүйер қауым концерт залынан дән риза болған кейіпте шығып жатты.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

3

5

6

8

7

9

10

11

 

1

2

13

 

 

Бөлісу: