01
Жұма,
Қараша

һижри

Сайтымыздың telegram әлеуметтік желісіндегі каналы ашылды

Сайтымыздың telegram әлеуметтік желісіндегі каналы ашылды

Мешіт тынысы
Жарнама

27 наурыз. Астана. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінің ресми сайты ummet.kz порталы өз жұмысын жандандыруда. Азаматтарға дұрыс діни ақпарат тарату, қоғамды сенімді рухани-ағарту ақпараттарымен қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан шаралар өз жалғасын табуда.

Өкілдіктің ресми сайты мешіт тыныс-тіршілігінен сыр шертетін күнделікті жаңалықтар, тағылымды танымдық мақалалар, уағыз-насихат тақырыбындағы ақпараттық өнімдер таратумен қатар, әлеуметтік желілерде де белсенді жұмыс жасауда.

Бүгінгі таңда ақпараттық қауіпсіздік мәселесі өте өзекті.  Жат ағымдардың жетегінде кету діни білімді сенімді ақпарат көздерінен үйренбеуден басталатынын ескерсек, ҚМДБ сайттарының әлеуметтік желіде белсенді жұмыс жасағаны өте құптарлық мәселе. Қала берді дін насихатының заманауи мүмкіндігі.

Бұл мүмкіндікті толыққанды пайдалану үшін ummet.kz сайты әлеуметтік желілерде өз каналдары мен парақшаларын жетілдіруде. Біз оқырмандарымызға сайтымыздағы діни ақпараттарды уақытылы жеткізіп отыру, азаматтарды дұрыс діни ақпараттармен қамтамасыз ету, сенімді діни ақпараттарды алудың мүмкіндігін арттыру мақсатында telegram әлеуметтік желісінен арнайы канал ашылғанын хабарлаймыз.

Аталмыш каналға осы жерді басу арқылы жазыла аласыздар.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: