24 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz Кеше «Әл Ғани» мешітінде «Нұр Астана» орталық мешітінің сауат ашу курс орталығының директоры Руслан Қамбаров уағыз жүргізді.
«Бала тәрбиесі» тақырыбында жүргізілген уағызда Руслан Қамбаров: «Адамға көз қуаныш ретінде берілген бала-шағаның тәрбиесі үлкен жауапкершілікті қажет еттіреді. Хадисте «балаларыңызға ілтипат көрсетіңіздер, оларды ең жақсы түрде тәрбиелеңіздер» деп айтылады. Яғни ата-ананың балаға мұра ретінде бере алар ең үлкен сыйы тәрбие болмақ,» - деді. Мұнан кейін бала тәрбиесінің діни негіздеріне тоқталып өткен Р.Қамбаров Алла елшісінің (с.ғ.с.) сүннетінен біршама мысалдар келтірді.
«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі