15 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан діни бірлестіктері өкілдерінің Жиыны отырысы болды.
Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы ұйытқы болған басқосуды Дін істері комитетінің төрағасы Оңғарбаев Еркін ашты.
Жиын отырысында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі жөнінде баяндамалар жасалды. Сонымен бірге, мемлекеттік мереке – Наурыз мейрамының құндылығы насихатталды. «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Мұқанов Асқар «әз Наурыз – ауызбірлік, мейірімділік және толеранттылықтың үлгісі» деген тақырыпта сөз сөйледі.
«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі