01
Жұма,
Қараша

һижри

«Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Eлшісінің діни істер жөніндегі аға кеңесшісімен кездесті

Мешіт тынысы
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар қажы Мұқанов Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Eлшісінің діни істер жөніндегі аға кеңесшісі Галиб Акын мырзамен кездесті.

 

Кездесу барысында Түркия мен Қазақстанның рухани-мәдени саладағы қарым-қатынасы жан-жақты сөз болды, Астана мешіттерінің тыныс тіршілігімен танысты. Бас имам еліміздегі діни салаға, әсіресе, имамдардың білімін арттыруға өз үлесін қосып келе жатқан Түркияның Діни басқармасына алғысын білдірді.

Асқар қажы басқосуда Галиб Акынды жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына табыс пен сәттілік тілеп, «Ұлы дала темірқазығы» атты кітапты сыйға тартты.

WhatsApp Image 2018 02 08 at 10.11.14 (1)

WhatsApp Image 2018 02 08 at 10.11.14 (2)

WhatsApp Image 2018 02 08 at 10.11.14 (3)

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: