01
Жұма,
Қараша

һижри

Әйелдерге тығырықтан шығар жол көрсетті

Мешіт тынысы
Жарнама

Тығырықтан шығу жолдары. Дәл осы атаумен бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінің әйелдер жамағатына психологиялық тренинг өткізілді.

Астана қаласы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығы мен ҚМДБ-ның Астана қаласы өкілдігі ұйымдастырған іс-шара тұлғаның өзін-өзі тануы мен өмірден орнын табуына жәрдемдеседі.  

САНАНЫ СІЛКІЛЕЙТІН СҰРАҚТАР

Ашық диалог форматында құрылған тренинг бірнеше бөлімнен тұрды. «Бұл жаттығулар өмірді таразылайды, өз-өзіне есеп беруге, алдағы қадамдарды нақтылауға бағыттайды. Бар болғаны 5 сұрақ кез келген адамның санасына сілкініс жасайды. Бастысы өзіңді алдамай, сауалдарға шынайы жауап беру керек» дейді Дін проблемаларын зерттеу орталығы Психологиялық көмек көрсету бөлімінің басшысы Лимана Қойшиева.

Таныстыру кезеңінде қатысушылар алдымен өз бойындағы жақсы қасиеттерді атап шықты. Екіншіден, асыл армандарын еске түсірді. Психолог ары қарай әйелдерге: «күнделікті жиі айтатын 3 сөзіңіз, күнделікті мазалайтын 3 ойыңыз және күнделікті орындайтын 3 әрекетіңіз» деген сұрақ қойды. Бәрі шынайы жауап беруге тырысты.

Psesholog (11)

Psesholog (13)

ЖАҢАРУ КҮЙЗЕЛІСКЕ ТҮСІРМЕЙДІ

Нәтижесінде психолог  Лимана Қойшиева: «Көбі бала кезіндегі арманды айтты. Біреу әнші, біреу ұшқыш болғысы келген екен. Алайда кез келген зат секілді ой да, арман да ескіреді. Өмірдің әр кезеңінде бұл арманды жаңартып отыру қажет. Күнделікті жаңару болмаса, адам депрессияға ұшырайды. Мен қазір осы жерде естігенімнің 70%-ы күйзеліске түскен адамның сөздері. Өзгеріс неге жоқ? Өйткені көп әйелдер тв көру, ұйықтау, біреуді сөз ету секілді эмоцияналдық тәуелділікке бейім. Алайда теледидардың ар жағындағы адам өз арманын әлдеқашан орындап қойған, өзгелердің өмірі де сіздің тағдырыңызды өзгертпейді. Адамды жетем деген мақсаты ілгерілетпейінше ол адам бір орында қалып қояды» деп түйіндеді. Яғни, күнделікті есеп берудің маңыздылығы айтылды. Әйелдерге үй тапсырмасы ретінде мақсат, сөз, ой, әрекетке қатысты сұрақтарға күн сайын жауап беру ұсынылды. Сонымен бірге Дін проблемаларын зерттеу орталығының психологы Гүлжан Мырзақұлова да қатысушыларға тренинг өткізді. Әйелдер жамағаты қоршаған орта, іс-әрекет, қабілет, құндылық пен сәйкестік төңірегінде ой бөлісті.

Атап өтейік, осындай психологиялық тренингтер «Нұр Астана» орталық мешітінде дәстүрлі түрде жалғасын таппақ. Алдағы уақытта психологтар кеңесін қаланың басқа да мешіттерінде өткізу жоспарланып отыр дейді ұйымдастырушылар.

Psesholog (5)

Psesholog (10)

Psesholog (6)

Мәдина ЖАҚЫП,

Ummet.kz

Бөлісу: