01
Жұма,
Қараша

һижри

"Нұр Астана" мешітінің ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін елордада «Астана – таза қала» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті.   Шаһар бойынша абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау шарасына 100 мыңдай адам қатысты. «Нұр Астана» орталық мешіті де экологиялық айлықтан тыс қалмай, мешіттің іші-сыртын  тазалауға ұжым болып  кірісті.

Хазреті Пайғамбар (с.ғ.с) : «Тазалық – иманның жартысы» деген, сондай-ақ тағы бір хадисінде «Алла – таза, тазалықты сүйеді» деп айтқан. Әсіресе, ғибадат орнын лас нәрселерден таза ұстау – әр мұсылманға міндет.

Жалпықалалық сенбілікке атсалысқан «Нұр Астана» орталық мешітінің қызметкерлері мен жамағаты, Астана медресесінің шәкірттері мешіт айналасын,  оның аумағындағы саябақты ретке келтірді. Қоқыстарды жинап, жер жыртып, қопсыту арқылы арамшөптерден тазалады. Ал, әйелдер жамағаты мешіттің ішін жиыстырды. Шаң сүртіп, есік-терезелерді жуып, күндегісін күнде жайнап тұратын мешітті одан сайын мұнтаздай етті.

senbilik (14)

senbilik (13)

senbilik (17)

senbilik (4)

senbilik (8)

senbilik (9)

senbilik (7)

senbilik (6)

ummet.kz 

Бөлісу: