29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

"Жетім көрсең жебей жүр"

Мешіт тынысы
Жарнама

«Жетім көрсең жебей жүр» дейді қазақ халқы. Бұл өсиетті «Зекет» корпоративтік қорының Астана қаласы өкілдігі берік ұстанып келеді. Күні кеше қор қызметкерлері елордалық әкімдікке қарасты Мамандандырылған балалар үйіне барып, бүлдіршіндердің хал-жағдайын біліп келді.

Астанадағы Мамандандырылған балалар үйінде ата-ана қамқорлығынсыз қалған алпыстан аса бала тәрбиеленіп жатыр. Олар ерекше күтімді талап етеді. Әрқайсы дерлік белгілі бір дертке шалдыққан. Сол себепті бұл мекеме жабық мекемелер қатарына жатады.

Жас ерекшеліктері мен денсаулық жағдайына байланысты балалар арнаулы топтарға бөлінген. Гидроцефалия, микроцефалия, Даун синдромы, дцп (балалар сал ауруы) сияқты аса ауыр дерті бар балақайларға арналған топта 10 бөбек тәрбиеленуде.

WhatsApp Image 2017 09 14 at 09.20.28

WhatsApp Image 2017 09 14 at 09.20.28 1

Мекеме жатын орындармен, ойын алаңы, балаларға білім беріп, дамытуға қажетті жабдықтың бәрімен қамтылған. 

«Зекет» қоры балаларға базарлық ретінде тәтті-дәмділер мен жеміс-жидектер тарту етті, сонымен бірге 23 бума жөргекті табыстады.

WhatsApp Image 2017 09 14 at 09.20.27 1

Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.у.): «Кім Алла үшін бір жетімнің басын сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады» деген хадисі бар. Сондықтан, «Зекет» қорының қызметкерлері әр адамды жетімдерге мейірім төгіп, қамқорлық көрсетуге шақырады.

ummet.kz

Бөлісу: