01
Жұма,
Қараша

һижри

"Нұр Астана" орталық мешіті отбасы күнін атап өтті

Мешіт тынысы
Жарнама

Отбасы күніне орай бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінде «Мерейлі отбасы» рухани кездесу кеші өтті. Мерекелік шараға жыл басынан бері отау құрып,   «Нұр Астана» орталық мешітінде ақ некесін қидырған 200-ден аса жұп қатысты.

Іс-шараның ұйытқысы болған – ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешіті мен  ҚМДБ Жастар ісі бөлімі Әйелдер-қыздар секторының «Нұр Астана» орталық мешітіндегі «Жібек» қыз-келіншектер клубы.

Отбасы күніне арналған жиын басында қасиетті Құран аяттары оқылып, наиб имам жанұялардың берекесін, шаңырақтың шаттығын, баршаға әке-ана бақытын тілеп жамағатқа бата берді. Алғашқы құттықтау сөз кезегі республикалық Ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары, «Нұр Астана» орталық мешітіндегі Ақсақалдар кеңесінің құрметті мүшесі Өмірзақ Озғанбайұлына берілді. Өмірзақ қажы жастарға ақыл-кеңесін айтып, бақытты отбасы болудың сырымен бөлісті. Оның айтуынша, үйдегі тыныштық пен тұрақтылық ерлі-зайыптылардың сыйластығы мен даналығында жатыр. Яғни, ұрыстың шеті көрінсе, күйеуі де әйелі де, «менікі дұрыс» деп тұрып алмай, екі жақ та «ағаттық менен болды, бұл жағдайға мен кінәлімін» деп кішірейе білу керек.

otbasy kuni (7)

otbasy kuni (6)

- Әрбір отбасы – шағын мемлекет. Ол құнарлы топырақ іспетті. Береке-бірлік пен өзара түсіністік, махаббат орнаған жанұядан өсіп-өнетін жеміс те керемет болмақ. Ал жас жұптарға жол сілтеп, үлгі көрсету – үлкендердің міндеті. Бүгінгі ұйымдастырып отырған «Мерейлі отбасы» кездесуі де осы игі мақсатты көздейді, - дейді ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы.  

otbasy kuni (11)

Айта кету керек, биыл қаңтар айынан бастап «Нұр Астана» орталық мешітінде   607 отбасы некесін қиды. Ал, жылына мұнда орта есеппен 700-800 жұп бас қосып отбасын құрады.

otbasy kuni (9)

Айтулы мереке - Отбасы күні қарсаңында бүгін біз жас жұбайлар - Руслан Сәкенұлы мен Әсел Рысбекқызының  некеқияр рәсіміне куә болдық. Жастардың некесін Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы қиып берді. Көпшілік алдында некенің шарттары орындалып, құтбасы оқылды. Ал, махрге қалыңдық алтын алқа сұрады. Наиб мүфти жас отбасыға насихат айтып, өмірдің маңызды қадамымен құттықтады.

otbasy kuni (12)

otbasy kuni (14)

otbasy kuni (13)

Бұдан кейін Наурызбай қажы Тағанұлы жаңа туылған нәрестенің құлағына азан шақырып, есім қою рәсімін өткізді. Дүниеге келген сәбиге Әлижан есімі берілді.

otbasy kuni (15)

otbasy kuni (17)

Сонымен бірге, шара барысында тәй-тәй басқан екі баланың тұсауы кесілді. Тұсау кесу құрметі Нұрияш қажы Нұрбергенқызы мен  Жанат Ермахановаға бұйырды.

otbasy kuni (18)

otbasy kuni (21)

«Мерейлі отбасы» кешінің соңында «Сый-қоржын» ұтысы көпшіліктің есінде қалды. Іс-шараға келген отбасылар арнайы талон алған болатын. Кездейсоқ таңдау бойынша жеңімпаздарға тұрмысқа қажетті сый-сияпаттар ұсынылды. Басты жүлдеге Мойылды шипажайына жолдама тігілді.

otbasy kuni (5)

otbasy kuni (3)

otbasy kuni (23)

otbasy kuni (26)

otbasy kuni (27)

otbasy kuni (33)

Бұл кештен ешкім құр қайтпады. «Нұр Астана» орталық мешіті әрбір келушіге отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі, салт-дәстүрге байланысты діни-танымдық кітаптарды сыйға тартты.

otbasy kuni (2)

otbasy kuni (32)

otbasy kuni (24)

otbasy kuni (34)

Мәдина ЖАҚЫП, ummet.kz тілшісі

Бөлісу: