29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Астанадағы Құрбан айт қалай тойланды?

Мешіт тынысы
Жарнама

Құрбан айт мейрамындағы Астанадағы айт намазына 30 мыңнан астам адам қатысты. Көкжиектен күн шыққанан-ақ мешітке ағылған қалың көпшіліктің саны Қадір түніндегіден кем болмады. Мешіттерде ине шаншар орын қалмай, мешіт ауласына қосымша жайнамаздар төселді. Бұл дініміз дәріптеген ерекше күндер – бұқаралық сипатқа ие болғанының айқын көрінісі. 

ait namaz (5)

ait tolebai (2)

ait namaz (24)

Бұдан кейін елордадағы 8 мешіт ұлттық спорт ойындарынан жарыстар өткізіп, қайырымдылық жәрмеңкелер ұйымдастырды. ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі Құрбан айт мейрамын ұлттық нақышта атап өтуге ерекше мән берді. Асық ату, арқан тартыс, қол күрес секілді ұлттық ойындар ойнатылып, Әзірет Сұлтан, Нұр Астана, Ғылмани мешіттерінің алдында киіз үйлер тігілді, сахна бой көтеріп, қазақтың қара домбырасы күмбірледі, ұлттық әндер мен жыр-термелер шырқалды. Мешіт ауласындағы рухани-мәдени шаралар, тегін таратылған тәтті-дәмділер, құрма, сусындар мерекені сән-салтанатымен тойлауға ұйытқы болды.

sport (9)

sport (15)

sport (17)

ait tolebai (14)

sport (22)

sport (19)

Сонымен бірге, Астана мешіттерінде «Раббың үшін құрбан шал» акциясы ұйымдастырылып, дәстүрлі сипат алған игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы және қала имамдары қатысты.

Altyn taga (2)

Altyn taga (5)

Altyn taga (14)

Altyn taga (22)

Акция аясында 72 бас ірі қара мен ұсақ малдар құрбандыққа шалынды. Жиналған ірі қара малын шариғат талаптарына сай сойып, етін бөлшектеп сөмкелерге салу, оларды мешітке өтініш білдірген мұқтаж отбасыларға тарату секілді тынымсыз жұмыстар үш күн бойы еш толастамады. Нәтижесінде 17 тонна 344 кг ет жиналып, қала мешіттері оның бәрін жағдайы төмен  3150 отбасы мен Астанадағы қайырымдылық қорларына таратты.

ait otchet 3

ait otchet 4

3ba017679cb25f93c39fd070c9f02664

c2f203ff9711715b20736b93fb675bec

С.Ғылмани мешіті Астана қаласы Көктал елдімекеніндегі Қарттар үйінде «Қарттарым асыл қазынам» атты қайырымдылық дастарқан жайып, ата-әжелерді мерекемен құттықтап қайтты.

Сондай-ақ, «Төлебай» мешітінің Бас имамы Асхат Сапашұлы Салимовтың ұйымдастыруымен Интернациональный (Учхоз) ауылының №44 мектебінде «Аяулы алақан» қайырымдылық акциясы өтті. Оған ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылар қатысты. Мереке құрметіне балаларға сыйлықтар беріліп, Құрбан айттың қадір-қасиеті түсіндірілді.

tolebai (7)

as salam 4

"Нұр Астана" орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: