28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Дін саласының ұстаздары ЭКСПО мен Бәйтеректі қызықтап қайтты

Мешіт тынысы
Жарнама

Астанаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген дін саласының ұстаздары кеше ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы  Тағанұлының ұйытқысымен ЭКСПО көрмесі мен елорда символы –«Бәйтерек» монументін қызықтап қайтты.

"Астана медресесінде" өтіп жатқан 2 апталық «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа форматтағы педогогі» республикалық семинар өз мәресіне жетуге жақын. Оқыту жоспарынан тыс біліктілікті арттыру курсының қатысушыларына мәдени-рухани демалыс ұйымдастыру да жан-жақты қарастырылған. Бірер күн бұрын дін мамандары ҚР Ұлттық музейін тамашаласа, кеше әлемдік тарихи оқиға – ЭКСПО-ның куәсі болды.

expo (1)

expo (4)

expo (1)

2 апталық оқуға келіп, көп тәжірибе алып жатырмыз. Бүгін міне, «Нұр Астана» мешітінің ұйымдастыруымен ЭКСПО-ға келдік. Әсіресе ұнағаны, 8 қабатты Қазақстанның «Нұр әлем» ұлттық павильоны. Бұл жерде Астананың жарқын болашағына көз тастап, табиғи энергияның түр-түрімен таныстық. Жапония елінің павильоны да тәнті етті. Бүгінде олар жасыл энергияны жоғары дәрежеде қолға алған екен. Үлгергенімізше барлық мемлекеттің тыныс-тіршілігін көріп шығуға ниетіміз бар. Бізге жақсы көңіл-күй сыйлағандарыңыз үшін Алла разы болсын! – дейді Орал медресесінің ұстазы Асылбек Наурызов.

expo (13)

Әсіресе, дін саласының оқутышылары мұсылман елдеріне зор қызығушылық танытты. Мысыр, Сауд Арабиясы сынды павильон өкілдерін сөзге тартып, пікірін біліп, арабша тілдесті.

Мәселен, Мысыр елінің павильоны қызметкері Али Резк:

- «Нұр Астана» орталық мешітінің «Ummet.kz» порталына бізге арнайы келіп сұхбат алғандарыңызға рақмет! Ең әуелі Аллаға сансыз мақтаулар мен шүкірлер болсын, екіншіден Қазақ еліне, оның президенті Нұрсұлтан Назабаевқа алғысымыз шексіз! ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне шақырылып, осы жерде өзіміздің шығарған өнімдерімізді көрсетуге мүмкіндік алғанымыз үшін қуаныштымыз. Мысыр мен Қазақстан арасындағы байланыс бүгін пайда болған жоқ. Біздің қарым-қатынасымыз ертеден, сіздердің сонау Бейбарыс бабаларыңыздың тұсынан басталып, әлі күнге дейін жалғасып келе жатыр. Сауда-саттық байланысымыз дамыған, біздегі Әл-Азһар университетіне оқуға келген қазақстандық шәкірттеріңізбен де ара-қатынасымыз жақсы. Қазақстанның ЭКСПО көрмесіне керемет дайындалғаны көрініп тұр. Алла жазса, 2020 жылы Дубайда өтетін ЭКСПО  көрмесінде Қазақстан павильонына жақын орналассақ деген ниеттеміз, - дейді.  

IMG 5262

Сондай-ақ, кеше ЭКПО көрмесінде Түркияның ұлттық күні аталып өтті. ЭКСПО көрмесінің аумағы қызыл және ақ түстерге боялып, түрік халқының бай мәдениетінің лебі сезілді. Семинарға келген ұстаздар түрік бауырларды "Нұр Астана" мешітіндегі Жұма намазына шақырды.

IMG 5250 

- Түрік елінің министрлері, депуттаттары осында. Көрме жақсы өтуде. Осыған дейін миллиондаған адам келіп, Түркия павильонын мақтап кетіп жатыр. Күшті, тағамдары дәмді деп ұнатуда. Біз қазақ халқына ризамыз. Жұма намазын Әзірет Сұлтан мешітінде оқимыз. Өзімізге жақын орналасқан «Нұр Астана» мешітіне де жамағатпен бірге жиі барып тұрамыз.  Имамдары жақсы, Алла разы болсын! Қазақ-түрік - бауырлас елміз. Шын жүректен Қазақ елінің  көркеюін, көбеюін тілеймін, - дейді Абдурахман Дагделен есімді "Түркия" павильонының өкілі. 

Ummet.kz - Рухани-ағарту порталы

IMG 5229

baiterek (2)

baiterek (1)

baiterek (3)

Ummet.kz - Рухани-ағарту порталы

Бөлісу: