28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

«Төлебай» мешітіндегі Ораза айт мерекесі (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Маусым айының 25 жұлдызында  егеменді еліміздің барлық мешіттерінде Ораза айт намазы оқылды. Астана қаласының «Төлебай» мешітінде таң намазынан кейін мұсылман қауымы Ораза айт намазына жинала бастады.

«Төлебай» мешітінің ұстазы Жандос Атембаев жиылған мұсылман қауымына құран оқып, бас имамы Асхат Салимов жиылған халықты Ораза айт мейрамымен құттықтап, Ораза айт мейрамының ерекшеліктерін атап өтті. Бас имам Асхат Сапашұлы исламдағы екі айт мейрамдары туралы уағыз-насихат айтып, көпшілікке айт намаздары қалай оқылатының түсіндіріп өтті. Ораза айт намазы жамағатпен оқылып, хұтпа айтылғаннан кейін көпшілікпен Құран оқылып, дұға жасалды. Ораза айт намазынан кейін «Төлебай» мешітінде жамағатқа шелпек, бауырсақтар, құрмалармен тәтті печеньелер тегін үлестірілді.

Айт мерекесіне орай жастар арасында спорт сайыстары  ұйымдастырылды. 5 адамнан тұратын 6 команда арқан тартудан және гир көтеруден  17 жас жігіт бақтарын сынап көрді. Арқан тартудан бірінші орынды Иман командасы жеңіп алса, екінші орын Құтпанұлы командасы иеленді. Гир көтеруден Қуаныш есімді жігіт 63 мәрте көтеріп бірінші орын, Нұрбол 51 мәрте көтеріп екінші орын, Әділет есімді жігіт 43 мәрте көтеріп үшінші орын алды.  Жарыста жүлделі орындарға ие болғандарға сый-сияпат тарту етілді. 

Ораза айт мерекесінде жас балалардың да көңілін сергітуді ескерген «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Сапашұлы мешіт ауласына балаларға арналған батут қойғызды. Балалар ұлық мерекенің жылуын сезініп, бір уақ емін-еркін ойын қызығына кірісті.

Aittolebai2

Aittolebai3

Aittolebai4

Aittolebai5

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

 

Бөлісу: