Бүгін айлардың ардақтысы Рамазанның қасиетті жұма күніҚазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астанадағы өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен елорда аумағындағы мешіттерде 1000-нан аса бала жазғы сауат ашу курсында білім алуда.
Дәрістер таңғы 9.00-12.00 және 14.00-17.00 арасында екі ауысыммен жүргізіліп отыр. Балалардың жазғы демалысын тиімді ету үшін құрылған «Имани жаз-2017» сауат ашу курсы жеткіншектерге имандылықтәлім-тәриесін берумен қатар, ата-ананы құрметтеу, үлкенге ізет, елін сүю, дастархан әдебі, қонақжайлылық сынды қазақ халқының рухани құндылықтарын бойына сіңіруді мақсат тұтады.
Биыл курстың басты ерекшелігі – ҚМДБ-ның Бас мүфтиі, Ержан қажы Малғажыұлының «Дін мен Дәстүр» кітабын пән ретінде оқыту және білім сайысы, ұлттық ойындар (тоғызқұмалақ, шахмат, асық ату, шекемтас / бес асық) жарысын ұйымдастыру.Ал «Менің көрікті мешітім» атты сурет салу байқауыжарияланып үлгерді. Бүгін қасиетті жұмаға сәйкес өткен асық ату мен шекемтас (бес асық) ойындарына 35 ұл мен 7 қыз қатысты. Асық ату жарысына Астана қаласы «Асық ойыны» федерациясының басшысы Ескендір Рахметовжәне ҚР чемпионатының асық атудан жеңімпазы, ҚР кубогының, халықаралық турнирдің жеңімпаздары Әділхан Жұмағұлов пен Мырзамұрат Қайыпбеков төрелік етті. Асық атып, мергендігімен жүлдеге ие болған шәкірттер алдағы жарыстар толық аяқталғаннан кейін марапатталады.
"Нұр Астана" орталық мешітінің
баспасөз қызметі