28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін «Нұр Астана» орталық мешіті жанынан құрылған Ақсақалдар кеңесінің кезекті отырыс өтті. Алқалы жиынға академик, профессор Ғарифолла Есім, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Орынбай Рахманбердиев, Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрсын Ғабиденұлы сынды мемлекет және қоғам қайраткерлері және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.

Жиында наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, профессор Ғарифолла Есімұлын 70 жылдық мерейтойымен кеңес мүшелері атынан құттықтады. «Құрметті Ғарифолла Есімұлы! Қазақ руханиятына сүбелі үлес қосуыңызбен сіздің абыройыңыз асқақ, мәртебеңіз биік. Елордамыздың «Нұр Астана» орталық мешітінде өтетін көптеген мәдени-рухани шаралардың бел ортасында дәстүрлі дін насихатының жұршылыққа кең насихатталуына зор үлес қосып келесіз. Мешіт жанынан құрылған Ақылдастар алқасына бірнеше жылдан бері төрағалық етіп, бас шаһар руханиятындағы маңызды мәселелер мен түйткілді тақырыптарды оңтайлы шешуде айрықша рөл атқарып жүрсіз. Қадірлі аға, қоғам игілігіне арналған ерен еңбектеріңіздің еліміздің нығаюында үлесі зор. Осынау игілікті істе қаламыңыз мұқалмасын, қажыр-қайратыңыз қашанда арта берсін деп тілейміз! Сізді биылғы асқаралы асуыңызбен, мерейлі мерейтойыңызбен шын жүректен, ізгі ниетпен құттықтаймыз. Алла Тағала өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке нәсіп қылғай» деп наиб мүфти Н.Тағаұлы ізгі тілегін білдіріп, қазақы дәстүрімізге сай сый-сияпат тарту етіп, иығына шапан жапты.

Кезекті кеңес отырысында жуырда Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен «Ислам және өркениет» атты II республикалық имамдар форумында көтерілген мәселелер талқыланды. Кеңес мүшелері форумда қабылданған «XXI ғасырдың үздік зияткер имамы» тұжырымдамасындағы қазіргі қоғам қажет ететін имам тұлғасына тән сипаттар мен қабілеттер жайында пікір алмасты. Сондай-ақ, «Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебі – Қазақстандағы исламның дәстүрлі жолы» ұстанымында көрсетілген қазақ халқының дәстүрлі діни бағыты турасында толғамды ой-пайымдарын ортаға салды.

Бұған қоса, 27 мамыр күні басталатын қасиетті Рамазан айына орай кеңес мүшелері елорда мешіттерінде атқарылатын діни іс-жоралғылар мен рәсімдердің, қайырымдылық шараларының бағыт-бағдарына байланысты жоспарлы жұмыстарға көңіл бөлді. Өз кезегінде ҚМДБ наиб мүфтиі, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті айда игілікті істер легі артып, сауапты шаралар ұдайы ұйымдастырыла түсетінін жеткізді. «Еліміздің ынтымақ-бірлігін арттырып, сүйіспеншілігін нығайту біздің басты мақсатымыз саналады. Асыл дініміз бейбітшілік пен бірлікке, ізгілікке және бір-бірімізге қамқор болуға шақырады. Бұл айда қайырымдылық шараларына да басымдық береміз. Діни басқармамыз бекіткен бағдар бойынша мешіттерімізде аталған шаралар жүйелі түрде жүргізіледі» деп сөзін түйіндеді наиб мүфти.

IMG 0814

IMG 0820

IMG 0834

IMG 0893

IMG 0907

IMG 0934

IMG 1004

IMG 1053

 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: