28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Оқушыларға жат ағым жайы түсіндірілді (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Астана қаласы «Төлебай» мешітінің наиб имамы Дастан Зияшұлы Күйгенжар ауылындағы №42 орта мектепте 8-11 сынып оқушыларымен кездесті.

Экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мақсатында «Жат пиғыл теріс ағымдардың зияны» тақырыбында өткен кездесуде наиб имам Дастан Зияшұлы оқушыларға жат пиғылды теріс ағымдардың соңғы жылдарда кеңінен тарап кеткенін айтып, бұлардың әсіресе радикалды теріс көзқарас ұстанатын «Тәкфир уәл – хижра» атты ағымнан сақтану керектігін уағыз-насихат барысында айтып түсіндірді.

Сонымен қатар наиб имам мектеп оқушыларына ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан дәстүрлі ислам дінін ұстануға шақырды. Жат ағымның кез келгенінің зияны барын түсіндірген Д.Зияшұлы бұлардан сақ болуға және олардың уағыз-насихаттарын ешбір жерде яғни көшеде, интернет арқылы болсын тыңдамау керектігін айтып, ескерту жасады. Ислам дінін үйренуге ынта білдірген оқушыларға мешітке келіп, имамдардан және мешіт ұстаздарынан ғана білім алу керектігін жеткізді. Кездесу соңында мектеп оқушыларының қойған сұрақтарына жауап берді.

Toleb2

Toleb3

Toleb4

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: