01
Жұма,
Қараша

һижри

Дәстүрлі басқосу бірлікке бастайды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгінде Астана мешіттері үлкен мәдени іс-шаралар орталығына айналды. Айшықты құлшылық ордалары мұсылман жұртшылығын діни парыздарды орындауға, ізгілікке үндеумен қатар, дін мен дәстүр сабақтастығын, бабалар тәлімін насихаттап келеді.

Елдің бірлігі осы айтылған игі мақсаттардың бірі саналады. Жамағаттың ауызбірлігін, бауырластық байланысын арттыру үшін сан түрлі салиқалы басқосу, кездесулер "Нұр Астана" орталық мешітінде ұдайы ұйымдастырылады. Кеше осындай кезекті бір кездесуде әсерлі уағыз-насихат айтылып, ислам құндылықтары дәріптелді.

Мешіттің наиб имамдары жамағатқа бірлік пен елдік тақырыбында асыл шариғат аясында әңгіме өрбітті. Өз кезегінде мешіт жамағаты көкейде жүрген сауалдарының тұщымды жауабына қанықты. Ал мешіттің тұрақты жамағаты көпті көрген көнекөз қариялар осындай мән-мағыналы жүздесулердің жанға жылу сыйлайтынын айтып, дін қызметкерлері мен жамағатқа ақ батасын берді.

IMG 0061

IMG 0017

IMG 0028

IMG 0042

IMG 0054

IMG 0051

IMG 0047

IMG 0033

IMG 0076

IMG 0094

IMG 0091

IMG 0097

IMG 0104

 

 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: